Сол кезде мен енді бұлай өмір сүргім келмейтінін, өмірімді өзгертуім керек екенін түсіндім. Бұрын әпкем пейнхантинг туралы айтатын, бірақ сол кездері психологияға қызықпайтынмын, ауруханада жатып сол методиканы есіме түсірдім, сөйтіп «Бақытты етер 90 минут» кітабының электронды нұсқасын алдым, Олжас Сейітовті YouTube-тан көрдім. Ауруханадан шыққан соң Олжас Сейітовпен сеансқа жазылдым. Методика Авторы болғандықтан соған жазылдым. Методика туралы көбірек білгім келді, ол жайлы авторынан артық кім білсін?!
Сеанстан кейін өмірім жақсы жаққа өзгерді, пейнхантингтің көмегімен жан жараларынан арыла алатыныма, күйреген рухымның қайта жанданатынына үміттене бастадым. Сеанста методиканың қалай жұмыс істейтінін, санадағы бейнелерді қалай өзгертуге болатынын білдім. Кітапты оқығанда, әдісті қалай қолдану керектігін, күңгірт бейнелерді жарқын бейнелерге қалай өзгерту керектігін жете түсінбеген едім.
Сеанстан кейін мен «Бақыт матрицасы» оқуынан өттім. Оқу барысында пейнхантер Ардақ Кнаевпен сеанстардан өттім, оның көмегімен мазасыздық пен ұят сезінуден арылдым, депрессиялық күйден шықтым, өзіме деген сенімділікті арттырдым және комплекстерімнен арылдым, өз-өзімді қабылдадым. Талдай отырып, мендегі мазасыздық, өз-өзімді кінәлау, ұят сезімі мен күйзелістің анам қайтыс болғаннан кейін пайда болғанын түсіндім.
Сол қайғылы жағдай орын алғанда, мен басқа қалаға көштім, көшу күйімді жақсартады және қайғыдан арылуға көмектеседі деп ойладым, бірақ жаңа қала мен жаңа жұмыс жағдайымды одан әрі нашарлатты, сөйтіп ауырып қалдым да ауруханаға түстім. Мендегі жан күйзелісі ашуланшақтық, бей-жайлық, абыржудан, ұйқының бұзылуы, барлық нәрсеге немқұрайлылық пен мазасыздықтан көрінді. Гормоналды фон бұзылды. Сеанстарда жұмыс жасаудан кейін мазасыздық жойылды, есте сақтау қабілетім қалпына келді, жұмысқа қабілеттілігім мен зейінім артты, ұйқым қалыпқа келді, қалқанша безінің гормондары қалыпты жағдайға келді.
Депрессиялық күйден шыққаннан кейін өмір сүруге, денсаулығымды жақсартуға және материалдық жағдайымды жақсартуға деген ұмтылыс пайда болды. «Финергетика» курсын алдым. Курс барысында мен пейнхантер Сәуле Иманғалимен сеанстардан өттім және өтуді жалғастырудамын. Онымен жұмыс істей отырып, мен апатия мен қайғы-қасірет күйінен шықтым, қорқыныш, кінәлі сезінуден арылдым, өзімді және өз сезімдерімді түсінуді үйрендім. Ал қазір өзімнің ұстанымдарыма қатысты жұмыс жасауды жалғастырудамын.
Олжас Сейітовке методикасы үшін, «Бақытты етер 90 минут», «Баланы математикалық дәлдікпен тәрбиелеу», «Финергетика» атты тамаша кітаптары үшін, өмірімізді жақсы жаққа өзгертетін курстары үшін алғыс айтамын. Өмірімді жақсы жаққа өзгертуге көмектескен пейнхантерлерге де алғысым шексіз.
Көбірек адамдар пейнхантинг туралы біліп, өзін және әлемді түсініп, «өздерінің бақытты өмірлеріне» жан жараларысыз қадам басқандарын қалаймын.
99% кепілдікпен Пейнхантинг авторлық методикасын қолданып, 90 минут ішінде біржола проблемаларыңыздан арылыңыз.
Біздің маманнан 15 минуттық тегін кеңес алыңыз, дәл қазір сұраныс қалдырыңыз
Біз бірегей авторлық методиканы қолдана отырып
психологиялық көмек көрсетеміз: «Пейнхантинг» - Олжас Сейітов - Қоңырау шалыңыз: +7 (707) 102-00-90.