Пейнхантинг көмегімен ТОК-ті (телімсіз ойық жаралы колит) қалай емдедім

Анонимді жетістік оқиғасы

2019 жылы маған телімсіз ойық жаралы колит (ТОК) диагнозы қойылды. Бастапқыда мен оған мән бермедім, бірақ кейін ол мені жиі мазалай бастады. Дәрігерлер преднизолон тамшысын тағайындады, қабыну басылды, алайда біраз уақыттан кейін ауру қайта оралды.
Анонимді жетістік оқиғасы

2019 жылы маған телімсіз ойық жаралы колит (ТОК) диагнозы қойылды. Бастапқыда мен оған мән бермедім, бірақ кейін ол мені жиі мазалай бастады. Дәрігерлер преднизолон тамшысын тағайындады, қабыну басылды, алайда біраз уақыттан кейін ауру қайта оралды.

2022 жылы, наурыз айында, кезекті госпитализациядан кейін, мен не нәрсені дұрыс істеп жатпағаным жайлы ойлана бастадым, өмір сүру қалпым дұрыс емес еді, тұла бойым өзгеруім керектігін айтып жар салды.

Емдеуші дәрігерім биотерапиядан өтуге көндірумен болды. Мен дәрігерден ойлануға уақыт сұрадым.

Әрине, мен ТОК-тің психосоматикалық бұзылыс екенін білдім, әрбір асқыну алдында стресс болатын және ол неғұрлым күшті болса, белгілері де соғұрлым күшті болады. Сондықтан психологтың көмегі қажет екенін түсіндім.

Интернеттен психолог іздей бастадым, сөйтіп Олжас Сейітовтің парақшасына тап болдым. Сеанстан өтіп көрейін деп шештім. Сеанс басында оғаш болып көрінді, бірақ мен: келгеннен кейін аяғына дейін өтуім керек деп шештім, ақша да төлеп қойдым) Сөйтіп, мен маманға толығымен сенім арттым және нәтижесіне таң қалдым!!!

Өтініш мынадай еді: анаммен қарым-қатынасты жақсарту. Анама үнемі ренжу әдетім қалыптасып үлгергендіктен, мен онымен жанжалдасуға себеп іздейтінмін. Менде сондай балалық позиция болған. Сеанстан кейін жан дүнием үйреншіксіз босап қалды, ешқандай реніштер, шағымдар, эмоциялар мүлдем болмады.

Мен үшін үйреншікті емес, ерекше жағдай болды. Әдетте бұрынғы реніштерді есіме түсіріп, ойша ұрысуды жалғастыра беретінмін, ал енді ешқандай ой жоқ!!! Жан-жағыма қарасам, айналадағының бәрі жаңа, қазір ғана оянғандай сезімде болдым. Сәуірдің соңы еді, ағаштар әлдеқашан жасыл желекке оранып үлгерген екен, бұл мені таң қалдырды!!! Сонда мен айналамда не болып жатқанын байқамаған екенмін!!! Санам соншалықты түрлі ойларға лық толы болған!

Пейнхантинг методикасымен осылай таныстым. Жыл бойы мезгіл-мезгіл пейнхантерлерден көмек сұрап тұрдым. Методика шынымен жұмыс істейді. Сол жылы бірде-бір асқыну болған жоқ, ішектің жағдайы керемет болды, дәрі дәрі-дәрмектерді жүйелі емес, тек жағдайыма қарай қабылдадым.

2023 жылдың қаңтарында оқыту курсын сатып алдым. Оқу барысында мен көптеген реніштермен, әділетсіздікке тап болған кездермен жұмыс жасадым. Өзімді кінәлі сезінуден, ұят сезінуден арылдым, көптеген қорқыныштар және басқа да жағымсыз ұстанымдарым болған еді. Барлық курстар өте күшті болды.

Барлық жағымсыз эмоциялар балалық шақтан бастау алады. Қаншалықты таныс естілсе де, бұл шындық. Негативті ұстанымдармен жұмыс жасау міндетті болып табылады. Өйткені олар өмірімізді улайды, денсаулығымызды нашарлатады, өзгемен қарым-қатынасымызды бұзады және өмірден қуаныш алуымызға кедергі жасайды. Бұдан өмір бос өтіп жатады.
Оқудан кейін ойым 180 градусқа өзгерді, осында және қазір деген өмірлік сезім пайда болды. Адамдарды жан дүниеммен тыңдап, сезіне бастадым. Өзгелерге түсінікпен қарап, әлдеқайда сабырлы бола түстім. Туыстармен қарым-қатынасым жақсарды, әсіресе ұлдарым ерекше қуанышқа бөлейді!!!

Балалармен қарым-қатынасым жылы әрі сенімді болатын болды. Ал мен бір кездері тиран ана болған едім)))

Өз-өзіммен жұмыс істей бастағанымда, үлкен ұлымның қызметін жоғарлатты, ал 2021 жылдың күзінде университетті тастап кеткен (осыған байланысты менде асқыну болды және преднизолонмен жүрдім) екінші ұлым, 2022 жылдың жазында ҰБТ тапсырады; сөйтіп ЕҰУ-ге түседі. Ал қазір 1 курсты үздік бағамен аяқтады. Кіші ұлымның жауапкершілігі арта түсті.

Балаларымды тәрбиелеуді қолға ала бастадым, бұрын түпсана деңгейінде бұдан қаштым. Олар тілімді алмағанда, ашумен әрекет ететінмін. Ашуды басуға тырысатынмын, сосын оларға ренжитінмін, кейін өзімді кінәлі, ұят, т.б. сезінетінмін. «Сендер үшін бәрін істеп жатырмын, ал сендердің ризашылықтарың жоқ!» деп айқайлап, кейін қайтадан ренжіп қалатынмын.
Қысқасы, тұйық шеңбер) – тиран, құрбан, құтқарушы.
Пейнхантинг көмегімен жұмыс жасағаннан кейін байқалған тағы бір өте маңызды жайт: мен өзгеремін, басқалардың маған деген көзқарасы да өзгереді. Мен сабырлы әрі сенімді бола түстім, айналамдағылардың бәрі де тынышталғандай болды, тіпті менімен сыбырлап сөйлесетін болды. Жақында бастық мені қосымша жалақымен әдеп жөніндегі уәкіл етіп тағайындады!


Жалпы өз-өзіммен жұмыс істей бастағаннан кейін өмірім мәнді болды!!

Өмір бойы маған серік болып келген уайым енді жоқ. Шешім қабылдауда сенімді бола түстім. Есте сақтау қабілетім жақсарды. Мақсаттар қойдым, армандар пайда болды. Әр нәрсені қадағалап, бақылау деген жойылды, әлемге көбірек сенетін болдым.

Ең бастысы денсаулығым ақырындап жақсарып келеді!!! 2023 жылдың қаңтарынан бастап, бір жарым жыл бойы асқынулар болған жоқ. Келесі қадам – дәрі-дәрмектерді тоқтату.

Ұзақ стресс жағдайында өмір сүру денсаулыққа өте қауіпті. Адамның мұны түсініп, өз-өзімен жұмыс жасауды қолға алғаны өте маңызды.
Алда әлі көп жұмыс бар. Мен әлі жарты жолды да жүріп өткен жоқпын, бірақ соңына дейін жететініме және бәлкім бір күні адамдарға көмектесетініме сенемін!!!

Денсаулығына қатысты проблемалары бар адамдарға айтқым келетіні: жауапкершілікті сиқырлы таблеткаға артып қоймаңыз, кінәлілерді іздемеңіз. Өз өміріңіз үшін жауапкершілікті өз қолыңызға алыңыз.
Ең бастысы, қазір бізде құрал бар – Олжас Сейітовтің методикасы – пейнхантинг.
Проблеманың бар екенін түсіну бір нәрсе, бірақ оны шешу жолын білу – міне, бастысы осы.



99% кепілдікпен Пейнхантинг авторлық методикасын қолданып, 90 минут ішінде біржола проблемаларыңыздан арылыңыз.

Біздің маманнан 15 минуттық тегін кеңес алыңыз, дәл қазір сұраныс қалдырыңыз

Біз бірегей авторлық методиканы қолдана отырып психологиялық көмек көрсетеміз: «Пейнхантинг» - Олжас Сейітов - Қоңырау шалыңыз: +7 (707) 102-00-90.
Пейнхантинг көмегімен ТОК-ті (телімсіз ойық жаралы колит) қалай емдедім
Пейнхантинг көмегімен ТОК-ті (телімсіз ойық жаралы колит) қалай емдедім
2019 жылы маған телімсіз ойық жаралы колит (ТОК) диагнозы қойылды. Бастапқыда мен оған мән бермедім, бірақ кейін ол мені жиі мазалай бастады

Избавьтесь от проблем

Раз и навсегда за 90 минут, с помощью авторской методики Пейнхантинг с гарантией 99%. Получите бесплатную 15-минутную консультацию от нашего специалиста, оставьте заявку прямо сейчас

Оказываем психологическую помощь по уникальной авторской методике: "Пейнхантинг" - Олжаса Сеитова - Звоните: +7 (707) 102-00-90. Помощь при депрессии.