ƏЛСІЗ ЕРКЕК – жасырын қасиеттер

Әлсіз еркектің бейнесі бәріне таныс. Бірақ әлсіз ер азаматтың жасырын қасиеттерін көре білетіндер сирек. Бұл мақалада біз соларды қарастырамыз
Әлсіз еркек

Әйел заты әлсіз еркекті армандайды ма? Әрине жоқ. Егер жас қыздардан идеалды өмірлік жардың бейнесін сипаттауды сұраса, олардың көпшілігі сенімділік, күштілік, қамқорлық, табыс пен мейірімділік сияқты қасиеттерді тізімдейді.

Бірақ тұрмыстағы әйелдердің көпшілігі күйеуінің әлсіз екеніне шағымданады және мұнымен не істерін білмейді. Бұл жағдайда Астанадағы немесе Алматыдағы психотерапия көмектесе ме, әлде жағдай сондай үмітсіз бе?

Неліктен әйел өзінің жанында күшті еркекті көргісі келеді, бірақ ерте ме, кеш пе, серігінің әлсіз екенін түсінеді?

Алдымен, әлсіз еркектің белгілерін қарастырайық.

Әлсіз еркектің белгілері

Әлсіз еркек – бір қарағанда әйелінен аз жалақы алатын, жауапкершілікті әйелге жүктейтін, нақты шешімге келе алмайтын, қорқақ және көбінесе эмоционалды жағынан байсалды емес адам.

Бірақ мәселеге тереңірек үңілсек, ер азаматтың бір қарағанда байқала бермейтін, астарында осал тұстары жасырылған қасиеттері болады.

1) Сөзі мен ісінің сай келмеуі. "Әйел заты құлағымен сүйеді", ал ер адам қыздың жүрегін жаулау үшін көптеген ертегілерді айта алады, эйфория күйіндегі қыз-келіншіктер бұған сене қояды.

Бірақ уақыт өте келе оның барлық уәделері бос сөз екені белгілі болды. Ол өзі туралы әдемі айтуы мүмкін, бірақ іске келгенде сәтсіздікке ұшырайды.

2) Нарциссизм. Әлсіз еркек өзіне тым көп көңіл бөледі, ал әйелі туралы аз ойлайды. Ол көбінесе әйелі сүйсініп, оған иілетіндей әрекет етеді.

Қарым-қатынастың басында, ғашық болған күйінде әйел шынымен де сүйсініп, күйеуін ең керемет деп санайды.

Алайда, уақыт өте ол бұл мақтанудың артында өзіне сенімсіз әлсіз еркек тұрғанын түсінеді.

3) Шектен тыс қыңырлық. Тәжірибесіз әйел әдетте ер адамның қыңырлығын жақсы қасиет деп қабылдайды.

Оларға мұндай еркекпен айдалада қалмайтындай және ол әрқашан берік, батыл, табанды болып қала беретіндей көрінеді. Бірақ, шын мәнінде, қыңырлығы — оның әлсіздігінің белгісі.

Оған қателіктерін мойындау үшін икемділік пен батылдық, жаңа шешімдер қабылдауға беріктігі жетіспейді. Сондықтан мұндай адам уақыт өте келе тұлғалық дамудан өте артта қалады, тіпті әйелінің дамуын тежейді.

4) Агрессивтілік. Көптеген әйелдер жас кездерінде "бұзық" жігіттерді ұнатады және еркектің агрессивті болғаны — оның күшінің белгісі деп санайды.

Уақыт өте келе, олардың қарым-қатынасы агрессия көбінесе оның әлсіздігінің белгісі екенін көрсетеді. Негізінде, бұл оның ақылы мен даналығының жетіспеушілігі болып табылады. Соның салдарынан ол өз-өзін тізгіндеп, басқара алмайды.

Кейінірек бұл одан да ауыр зардаптарға әкеледі. Ол абьюзер болып, әйелі мен балаларын ұрып-соғады, соның кесірінен бүкіл отбасы азап шегеді.

5) Жүліктік, қулық. Қарым-қатынастың басында бұл қасиет іскерлік пен ептілік қасиеттеріндей көрінеді. Тығырықты жағдайлардан тапқырлықпен шығып, әдемі оқиға құрастыра алады.

Алайда, уақыт өте әйел мұның астарында әдепсіздік, басталған істі аяғына дейін жеткізе алмау және өз еңбегімен табысқа жете алмаушылық жатқанын түсінеді.

Барлық осы қасиеттер ерте ме, кеш пе, әйелдің баяу, бірақ сенімді түрде еркектен көбірек табыс пен жетістікке жетуіне әкеледі.

Ал басында белестерді бағындыруды уәде етіп, батыр болып көрінген еркек ақымақ, әлсіз, жауапсыз абьюзерге айналады.

Егер некеңізді сақтап қалғыңыз келсе, қарым-қатынасыңызды жақсартып, кейін мақтан тұтатындай ер адамыңызды "қайта тәрбиелегіңіз" келсе, сізді пейнхантинг сеанстарынан өтуге шақырамыз.

Жағдайыңызды мұқият талдау арманыңыздағы ер азаматпен отбасылық бақытқа қайта ие болуға көмектеседі.


99% кепілдікпен Пейнхантинг авторлық методикасын қолданып, 90 минут ішінде біржола проблемаларыңыздан арылыңыз.

Біздің маманнан 15 минуттық тегін кеңес алыңыз, дәл қазір сұраныс қалдырыңыз

Біз бірегей авторлық методиканы қолдана отырып психологиялық көмек көрсетеміз: «Пейнхантинг» - Олжас Сейітов - Қоңырау шалыңыз: +7 (707) 102-00-90.
ƏЛСІЗ ЕРКЕК – жасырын қасиеттер
ƏЛСІЗ ЕРКЕК – жасырын қасиеттер
Әлсіз еркектің бейнесі бәріне таныс. Бірақ әлсіз ер азаматтың жасырын қасиеттерін көре білетіндер сирек

Избавьтесь от проблем

Раз и навсегда за 90 минут, с помощью авторской методики Пейнхантинг с гарантией 99%. Получите бесплатную 15-минутную консультацию от нашего специалиста, оставьте заявку прямо сейчас

Оказываем психологическую помощь по уникальной авторской методике: "Пейнхантинг" - Олжаса Сеитова - Звоните: +7 (707) 102-00-90. Помощь при депрессии.