ЕРЛЕР ПСИХОЛОГИЯСЫ – түсінбеушілік проблемалары

Қарым-қатынастағы проблемалардың көпшілігі әдетте әйелдер ерлерді, ал ерлер әйелдерді түсінбегендіктен туындайды.
Ерлер психологиясы

Қарым-қатынастағы проблемалардың көпшілігі әдетте әйелдер ерлерді, ал ерлер әйелдерді түсінбегендіктен туындайды.

Алайда көп жағдайда балалар балалық шағында әкелеріне қарағанда аналарымен тығыз қарым-қатынаста болатындықтан, ұлдардың әйел затымен қарым-қатынас тәжірибесі қалыптасады. Сондықтан ерлер арасындағы әйел психологиясын түсінбеушіліктен гөрі, әйелдер арасында ерлер психологиясын түсінбеушілік жиі кездеседі.

Ер азамат психологиясы әйелдердікіне қарағанда қарапайым болғанымен, бүгінгі таңда жұртшылыққа әйелдер психологиясының әлдеқайда түсінікті болуы парадоксальды нәрсе.

Себебі, әдетте әйелдер ерлер психологиясына бейімделмейді, көбінесе ер адам әйел қыңырлығына бейімделіп, махаббатын дәлелдеуге тырысады, ал керісінше болуы өте сирек кездесетін жайт.

Бірақ әйелдің ер адам психологиясын білмеу проблемасы кейінірек, кешегі мейірімді және сүйіспеншілікке толы ер адамның абьюзер, жалқау, бейбақ, сандалбай немесе тым өзімшіл нарциске айналғанда пайда болады.

Ендеше ер азамат психологиясы әйел психологиясынан несімен ерекшеленеді? Келіңіздер қарастырайық.

1. Ми сыңарларындағы айырмашылықтар

Ер адамдар негізінен сол жақ сыңарлы адамдар болып келеді, яғни олардың ойлау қабілеті рационалдырақ әрі логикалық.

Ал әйелдер, керісінше, оң жақ сыңарлы ой-санаға ие және олар иррационалды, ассоциативті ойлауға бейім әрі эмоционалды болып келеді, логикаға емес, интуиция негізінде ой түзеді.

Дәл осы себептен де әйелдер ерлердің тұспал сөзді түсінбейтіндеріне, кейбір мәселелерді аңғармайтындарына таң қалады. Осындай жағдайларда әйелдер ерлерді ақымақтар қатарына жатқызуға асығады.

Дәл осылай, ер азамат әйелдің әңгімелерін түсіне алмайды, өйткені олар жиі қажетсіз майда-шүйделерге толы болады және мәселенің мәніне жету үшін көп уақыт кетеді. Мұндай жағдайда ерлер де әйелдерді де ақымақ дейді.

Мұның бәрі ой қалыптың айырмашылығында болып тұр. Сондықтан ер азаматқа тұспалдап сөйлеудің қажеті жоқ, оларға бәрін тікелей айту керек, ал бұл әйелдер үшін өте қиын болуы мүмкін.

Әйел затына келетін болсақ, ерлердің олардың эмоционалдылығын қабылдап, қажетсіз эмоциялар мен майда-шүйделерге алаңдамай, әңгімелерінің мәніне назар аудара білгендері жақсы.

2. Әйелдердің жан-жақтылығы

Ер адамның миы тек бір, бірақ мәні терең іспен, ал әйелдікі бір уақытта бірнеше іспен айналыса алады.

Әйелдердің көп тапсырманы орындай алу қабілеті, кейбір зерттеулерге сай, мидың құрылымдық ерекшеліктеріне тікелей байланысты.

Біріншіден, әйелдерде мидың сол және оң жақ сыңарлары арасында көбірек байланыстар бар, бұл логикалық және интуитивті процестер арасындағы жақсы үйлесімге ықпал етеді де көп тапсырманы орындауға септігін тигізеді.

Екіншіден, әйелдерде жоспарлау, бақылау және көп тапсырмаларды орындаумен байланысты мидың белгілі бір аймақтарында сұр заттар көбірек. Бұл ақпаратты өңдеудің және әртүрлі тапсырмаларға зейінді бөлудің тиімділігін арттыруы мүмкін.

Үшіншіден, эстроген сияқты әйел гормондары вербалды жады мен өңдеу жылдамдығын жақсарту арқылы когнитивті функцияларға әсер етуі мүмкін, бұл өз кезегінде бір уақытта бірнеше тапсырманы сәтті орындауға ықпал етеді.

Төртіншіден, көп тапсырманы орындай алу қабілеті әлеуметтік және мәдени факторлардың нәтижесі болуы мүмкін деп есептеледі. Дәстүрге сай жиі әйелдер үйде де, жұмыста да қажетті дағдыларды дамытатын көптеген түрлі істерді атқарған әрі мұны жалғастыруда.

Осы айырмашылықтардың барлығы жалпы айтқанда әйелдердің миды ерлерге қарағанда біршама басқаша пайдалана алатынын көрсетеді, бұл бір уақытта бірнеше тапсырманы орындау кезінде жақсы нәтижелерге әкеледі.

Дәл осы айырмашылықты түсінбегендіктен, әйелдер ер адамдардың баланың үйде қалай аш қалғанын байқамағандарына немесе үйлену тойының мерейтойымен құттықтауды ұмытып кеткендеріне жиі ренжіп жатады.
Әйел мұны ер адамның немқұрайлылығы деп қабылдайды, бірақ шын мәнінде олай емес, жәй ғана ер адамның назары тек бір істі орындауға бағытталғандықтан ол басқа нәрсе туралы ойламаған.

Кейінірек, әйел мерекелерде оны құттықтамағаны көңілін түсіретінін ашық айтқаннан кейін, ер адам мұны бар мәлімет ретінде қабылдайды да енді ұмытпайды.

Алайда, әйелдердің көпшілігі ренжіп, тіпті күйеуімен мұндай мәселелер жайлы әңгімелеспей қояды.

3. Істер мен нәтижеге бағытталу

Ер адамдар жұмыста әрқашан істің нәтижесіне бағытталады әрі әйелдерге қарағанда мақсаттарға ұмтылады. Ал әйел заты керісінше, ұсақ-түйек жайттар мен істің өзіне көбірек көңіл бөледі.

Осы айырмашылықты түсінбеушілік негізінен жұмыста келіспеушіліктерге әкеледі. Ер адамға әйел бір жайтқа тым қадалып қалғандай көрінеді. Ал әйелге ер адам аса ұқыпсыз болып көрінеді.

Оның бірден-бір себебі, ер адам мақсатты ойда тұтып, тек маңызды істерге назар аударады, маңызды емес істерде болатын қателіктерге мән бермейді, ал әйел болса, көрген қателердің бәрін түзетуге тырысады, негізгі мақсаттарды ұмытады.

4. Интроверттік және экстраверттік

Ер адамдар көбінесе интровертті, ал әйелдер экстравертті болып келеді. Бұл көбінесе ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктер мен түсініспеушіліктерді тудырады.

Егер ер адамда қандай да бір проблема болса, ол өз-өзімен болып, үнсіз қалады. Әйел, керісінше, қиындықтар туындағанда мұны бәрімен бөліседі және оны талқылау арқылы шешуге тырысады, тіпті кеңес алу үшін психологтарға жүгінеді.

Әйелі күйеуіне көмектесуді өзінің міндеті деп есептей отырып, сұрақтарымен ер адамның мазасын алады, бұған ер адам агрессивті жауап беріп, оның істеріне араласпауды сұрайды.

Бұны әйелі асыра сілтеп, күйеуі оны жақсы көрмейді және оны өзінің жақын адамы деп санамайды деп қабылдайды, сондықтан ол көп жанжал мен истериканы тудыруы мүмкін.

Мұндайдан кейін ер адам одан бетер өз-өзімен тұйықталып, әйелінен оқшаулайтын жер табуға тырысады.

Сол сияқты ер адам да әйел проблемаға тап болғанда оны өзі шешуі үшін жалғыз қалдыру керек деп ойлап, жайына қалдырады. Ал әйел бұны опасыздық, сатқындық деп есептеп, өзіне соққы ретінде қабылдайды.

5. Қамқорлық пен еркіндік

Ер мен әйелдің тағы бір маңызды айырмашылығы — олардың психологиялық қажеттіліктері. Ер адам табиғатынан еркіндікті ұнатса, әйел қамқорлықты жақсы көреді.

Сондықтан, әйелі күйеуінің ісіне тым көп араласқанда, бұл оған әйелі оны күйретіп жатқандай, болмысын бұзып, өз бақылауымен бағындырғысы келетіндей көрінеді. Ал әйелі болса осылайша қамқорлық танытып жатырмын деп ойлайды.

Керісінше, ер адам әйелге еркіндік берілсе бақытты болады деп ойлайды, сондықтан оны мазаламауы мүмкін, бірақ әйел мұны суық қандылық пен махаббаттың жоқтығы деп қабылдайды.

Осы айырмашылықты білмегендіктен, ер адам бүлік шығарып, әйелінен одан бетер алыстайды, ал әйел, керісінше, өзінің махаббатын дәлелдеуге тырысып, бақылауды күшейтеді. Нәтижесінде бір-бірін сүйетін ерлі-зайыптылар жиі ажырасуға дейін барады.

Еркек пен әйел психологиясының айырмашылығы мұнымен бітпейді. Бірнеше басқа да маңызды айырмашылықтар бар, оларды білмеушілік әйелде келесі проблемалардың туындауына әкеледі:

1) күйеуі маскүнем болады
2) күйеуі әйелін ұрып, ренжітеді
3) күйеуі ақша табуды қойып, некеде сәтсіздікке ұшырайды
4) күйеуі әйелінінің көзіне шөп салады
5) күйеуі ақша бермейді және отбасын асырамайды

Ал ұлдарының психологиясын түсінбейтін аналармен одан да көп проблемалар туындайды:

1) ұлы сөйлемейді, агрессивті болады
2) ұлы ойынқұмар болады
3) ұлы нашақор болады
4) ұлы анасының мойнында отырады және ештеңе істемейді
5) ұлы қылмыскерге айналады

Егер сізге ер адамның психологиясы туралы одан әрі тереңірек білу қызықты болса және бала тәрбиесіндегі қателіктерді түзетуді үйренгіңіз келсе немесе ер адамыңызбен қарым-қатынасыңызды жақсартқыңыз келсе, сізді 2024 жылдың 24 маусымында басталатын «Ерлер психологиясы» жабық марафонына шақырамыз.

Марафонда сіз Пейнхантинг методикасы жоғарыда аталған мәселелердің барлығында сізге қалай көмектесетінін білесіз. Өтінішіңізді осында қалдыра аласыз.

Проблемаларыңыздан арылыңыз
99% кепілдікпен Пейнхантинг авторлық методикасын қолданып, 90 минут ішінде біржола проблемаларыңыздан арылыңыз.

Біздің маманнан 15 минуттық тегін кеңес алыңыз, дәл қазір сұраныс қалдырыңыз

Біз бірегей авторлық методиканы қолдана отырып психологиялық көмек көрсетеміз: «Пейнхантинг» - Олжас Сейітов - Қоңырау шалыңыз: +7 (707) 102-00-90.
ЕРЛЕР ПСИХОЛОГИЯСЫ – түсінбеушілік проблемалары
ЕРЛЕР ПСИХОЛОГИЯСЫ – түсінбеушілік проблемалары
99% кепілдікпен Пейнхантинг авторлық методикасын қолданып, 90 минут ішінде біржола проблемаларыңыздан арылыңыз.

Избавьтесь от проблем

Раз и навсегда за 90 минут, с помощью авторской методики Пейнхантинг с гарантией 99%. Получите бесплатную 15-минутную консультацию от нашего специалиста, оставьте заявку прямо сейчас

Оказываем психологическую помощь по уникальной авторской методике: "Пейнхантинг" - Олжаса Сеитова - Звоните: +7 (707) 102-00-90. Помощь при депрессии.