Маскүнемдіктің үш кезеңі барБірінші кезеңде спиртті ішімдікке тәуелді адам ішімдік ішуге құмарлықты жиі сезінеді, бірақ ішімдік мөлшерін бақылауға ала алады. Бұл кезеңде ол маскүнемдікке сыни көзқарасын жоғалтады және алкоголь ішкен әр жағдайда ақтала беруді әдетке айналдырады.
Екінші кезеңде тәуелділігі бар адам өзі ішетін алкогольдік сусындар мөлшерін бақылауын толығымен доғарады. Мас болғаннан сезінген бұрынғы эйфория айтарлықтай төмендейді, сөйтіп алкогольге физикалық тәуелділік пайда болады. Науқаста тершеңдік, мазасыздық, ұйқысыздық, жүрек проблемалары және бас ауруы болады. Ішкі ағзалар мен орталық жүйке жүйесінің зақымдануы айқын көрінеді.
Үшінші кезеңде адамның тәуелділік дәрежесінің жоғары болғаны соншалық, егер ішуді медициналық көмексіз тоқтатса, психоз күйі пайда болады, кейде бұл тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
Алкоголизм кезеңі
Осы кезеңдердің әрқайсысында алкоголизмді емдеуге болады, бірақ емдеу алғашқы екі кезеңде әлдеқайда жылдам және тиімдірек жүреді, ал үшінші кезеңде психологтардан басқа, наркологтар мен басқа да медицина мамандарының көмегі қажет болады.
Маскүнемдікті уақтылы емдеу үшін оның психологиялық себептерін білу өте маңызды, өйткені бұл тәуелділікті уақытында тоқтатуға көмектеседі.
МАСКҮНЕМДІКТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕБЕПТЕРІМаскүнемдіктің бірнеше негізгі психологиялық себептері бар:
1) Тәуелділігі бар адамның алкогольдік сусындардың көмегімен басқысы келетін терең жан жаралары
2) Жоғалған ләззат, оны ол күшті сусындармен алмастыруға тырысады
3) Өмірдегі жоғалған мақсаттар, соның салдарынан алкоголь уақытты өткізу және қысқа мерзімді ләззат алу тәсіліне айналады
4) Тәуелділігі бар адам кеткісі келмейтін немесе кете алмайтын қысым көрсетілетін және токсинді қарым-қатынастар
5) Арылғысы келетін фобиялар мен бастан кетпес ойлар
6) Тығырыққа тірелу, тұйықтық, жаңылысу және дәрменсіздік, соның салдарынан ол өз-өзін ұмытып, жауапкершілік пен қиындықтардан қашқысы келеді.
Әр себепті бөлек қарастырайық.
Терең жан жараларыМаскүнемнің басқысы келетін терең жан жараларына мыналар жатады:
1) Жақын адамдарының өлімінен болатын қайғы
2) Ауыр айырылысу мен ажырасудың азабы
3) Өзгеге деген кешіре алмай жүрген үлкен реніші
4) Өз әрекеттері мен қателіктері үшін терең кінә сезімі
5) Бұрыс таңдаулары мен шешімдеріне өкіну
6) Опсыздық пен көңіл қалудың азабы
7) Ауыр сәтсіздіктен жан ауруы
Бұл жан жараларының әрқайсысы пейнхантинг әдісі арқылы толығымен жойылады.
Ал тәуелділігі бар адамнан талап етілетін нәрсе – өзінің сезімдерін түсінуге әрі талдау жасауға деген ықылас, күйзеліске ұшыратқан оқиғалардың барлық маңызды бөлшектерін еске түсіру және өз эмоцияларын баспай не іште ұстамай, маманға еркін, ашық және егжей-тегжейлі айту.
Көп жағдайда пациенттің өзі жан жараларының қаншалықты терең және ауыр екенін түсінбеуі мүмкін, мұны тек сеанс кезінде таңғалып ұғынып жатады.
Алайда, көптеген білімді және оқымысты маскүнемдер не нәрседен қиналып жүргендерін жақсы біледі, бірақ олардан құтыла алмайды.
Психологтардың көмегімен бұл жан жараларынан құтылу әрекеттері әдетте сәтсіз аяқталады, өйткені барлық Алматылық психологтар ішімдікке тәуелді адамның күшті құмарлығының терең себептеріне қызығушылық таныта бермейді, қайта керісінше, маскүнемнің бойына қосымша кінә және қорқыныш сезімін енгізеді.
Тәжірибемізде маскүнемдіктен бір ғана сеанста жазылатын жағдайлар болды. 17 жыл бойы маскүнемдіктен зардап шегіп, сауығып кетуге тырысқан келіншек пейнхантингтің бір ғана сеансынан өтіп, жасөспірім кезінде айырылған ата-анасын жоғалтудан болған терең қайғысынан арылды.
Осыдан кейін ол сол күні-ақ ішуді тоқтатты және енді алкогольден ешқандай жағымды сезімдерді сезінбеді.
Бойында күш-қуаты пайда болды, пәтерін жөндеуді қолға алды, көптен бері кейінге қалдырылған проблемаларын шешті және енді қайтып ішімдікке оралмады.
Дегенмен, барлық терең жан жараларын жою үшін бір сеанс әрдайым жеткілікті бола бермейді. Практикада бұл әдетте 3-тен 10 сеансқа дейін созылады.
Айта кету керек жайт, ішімдікке тәуелділіктің өзі бірінші сеанстан кейін айтарлықтай төмендеуі мүмкін, бірақ одан толық құтылу тек тәуелділіктің барлық психологиялық себептерін толығымен жойғанда ғана мүмкін болады.
Жоғалған ләззат сезіміКөптеген ер маскүнемдер дәл осы психологиялық себептен зардап шегеді. Жоғалған ләззаттарға мыналар жатады:
1) Өзгемен жылы қарым-қатынасты жоғалту
2) Қуаныштың жоғалуы
3) Қорғаныш, қолдау мен тіректі жоғалту
4) Еркіндіктен айырылу
5) Хоббиді жоғалту
6) Жақсы көретін жұмысын жоғалту
7) Махаббатты жоғалту
Бұл жоғалтулардың барлығы әдетте өмірдегі қандай да бір оқиғадан кейін пайда болады: айырылысу, басқа жерге көшу, біреудің өлімі, ортаның өзгеруі, өміріне үшінші тұлғалардың араласуы және т.б.
Бұл психологиялық себептердің, терең жан жараларынан айырмашылығы, олар әлдеқайда аз қайғы тудырады және, тиісінше, ішімдікке тәуелді адам алкогольге аз құмарлықты сезінуі мүмкін.
Алайда, бұл себептердің қауіптілігі – маскүнем қалай спиртті ішімдіктің тұтқынына айналғанын байқамайды әрі оған жағдайды өз бақылауында ұстай алатындай көрінеді.
Қуанышқа орай, тәуелділіктің бұл түрі жылдам жойылады, әдетте 2-3 сеанста жұмыс жасалғаннан кейін тәуелділігі бар адам ішкілікке салынуын толықтай доғарады.
Үлкен реніштерКөптеген адамдардың алкогольді жиі-жиі ішуінің тағы бір себебі – жұмыс жасалып арылмаған, үлкен реніштері.
Көбінесе ер адамдар осы себепке бейім, өйткені олар өз проблемаларын әйелдерімен, анасымен, жақындарымен сирек талқылайды, бірақ оны достарымен бір стақан сыра ішіп талқылауға дайын.
Бұл бір стақан ішімдікпен барлық наразылығын, жинақталған өкпе-ренішін айту әдетін тудырады, өйткені мастық күйінде ашылып айтуға «батылдық» пайда болады.
Әдетте ең ауыр өкпе-реніштер бауырлары мен ата-аналарға қатысты болады, өйткені туыстармен қарым-қатынас әртүрлі отбасылық дәстүрлермен, тыйым салулармен және табумен қиындатылады, ал достарына қатысты ренішті кешіру де, бірге талқылау да оңайырақ.
Егер адамның бір үлкен реніші болса, оны 1-2 сеанста жоюға болады, бірақ егер науқастың өзі өте сезімтал, ренжігіш болса және балалық шағы қиын өткен болса, онда барлық себептерді толығымен жою үшін 5-10 сеанс қажет болуы мүмкін.
Қысым көру және токсинді қарым-қатынастарАлкоголизмнің тағы бір кең таралған психологиялық себебі – күрделі уытты (токсинді) қарым-қатынастар.
Әдетте мұндай тәуелділікке ер адамдар бейім, өйткені олар ажырасып, отбасын жоғалтқысы келмейді, бірақ сөйте тұра олар әйелімен тату және түсіністікпен өмір сүре алмайды.
Егер серігінің тарапынан келесі әрекеттер көрсетілсе, онда қарым-қатынасты уытты деп санауға болады:
1) Үнемі наразылық білдіру
2) Үнемі сынап-мінеу
3) Жетістіктерін, ұмтылыстары мен жеке қасиеттерін кемсіту, бағаламау
4) Негізсіз айыптау
5) Негізсіз қорқыныштар мен шектеулер
6) Жауапкершілікті алғысы келмей үнемі шағымдану
7) Алғыс айтпау
8) Жыныстық қатынастан бас тарту
9) Түсіністік танытпау және түсінгісі келмеу
10) Шамадан тыс бақылау және сенбеу
11) Қысым және мәжбүрлеу
Айта кету керек жайт, адам тек жеке өмірінде ғана емес, сонымен қатар ата-анасының тарапынан да улы қарым-қатынасты бастан кешіруі мүмкін.
Балалардың жеке істеріне өте қатты араласу әдетке айналған отбасыларда ұлдар әдетте ата-аналарының қысымы мен мәжбүрлеуінен көбірек зардап шегеді, бұл олардың «тынығуға» және бойындағы қысым сезімін алкогольдің көмегімен жеңілдетуге деген ұмтылысын арттырады.
Бұл психологиялық себептермен жұмыс істеу ең қиыны болып табылады, өйткені уытты қарым-қатынастағы адам айқындық пен байсалды баға беру қабілетін жоғалтады және себеп өзінде емес, улы серігінде екенін көрмеуі мүмкін.
Жағдай, әдетте, адамның өзі де серігіне белгілі бір дәрежеде у тәрізді кесірін тигізген кезде одан сайын қиындайды, ал бұл өзара қысым көрсетуге әкеледі, мұндайда мән-жайдың шын себебін, турасын анықтау өте қиынға соғады.
Бұған қоса проблема мынада: мәселенің анық-қанығын көру жеткіліксіз, оны әрі қарай шешу керек. Ал бұлай ету, мысалы ашық талқылау, жанға батқан мәселелерді көтеру немесе одан да қиыны – ультиматум қою немесе ажырасу, батылдықты талап етеді.
Ал адамдардың көпшілігі мұндай үлкен өзгерістерге дайын емес, сондықтан жеке өмірлеріне айқындылық енгізудің орнына, олар үшін алкогольдің көмегімен оны ұмытып кету оңайырақ.
Фобиялар және бастан кетпес ойларКейбір адамдар қорқынышы мен санадан кетпес ойлары тыным бермегендіктен алкогольге жүгінеді. Оларды тіпті қатты үрей шабуылдары, өлім алдындағы қорқыныш немесе кейбір болуы мүмкін сәтсіздіктер туралы ойлары қинауы мүмкін.
Осы бастан кетпес ойларынан арылуға дәрменсіз сезінген кейбіреулер оларды күшті сусындармен басуға тырысады.
Санадан кетпес сол ойлардың тамыры қиын болған өткен өмірінде, адам ұмытуға тырысқан қиын оқиғада болуы мүмкін.
Осы қорқыныштарды жеңе отырып, пациент босаңсып, «жан дүниелік» ауру басатын және тыныштандыратын дәрі ретінде алкогольді ішуді тоқтатады.
Тығырыққа тірелу және жаңылысуАлкоголизмнің жиі кездесетін себептерінің бірі – адамның белгілі бір жағдайда не істеу керектігін білмеуі. Оның екі таңдауы болады, алайда екеуі де жағымсыз.
Мысалы, жас жігіт әйелінің анасымен тіл табыса алмағандығынан қиналады. Ажырасса, əйелсіз қалады, ал некені сақтаса, анасы оған қысым көрсетеді.
Татуласуға және ортақ шешім табуға тырысады, бірақ бұнысы сәтсіз болады, үйдегі жанжал тек күшейе береді. Сөйтіп ер адам бұл шешілмейтін проблемадан қашады, санасын басқа бірдеңемен толтыруға тырысып, алкогольді іше бастайды.
Ал әрі қарай ішімдікке тәуелділігі басталады, өзін тоқтата алмайды, өйткені түпсанасында қатал шындыққа оралғысы келмейді. Оралса, оған таңдау жасауға және бір нәрсені құрбан етуге тура келеді.
Адамды осыған ұқсас тығырыққа тірейтін жағдайлар көп болуы мүмкін, мысалы: не жалдамалы жұмыста қалу, не өз ісін бастап көру.
Көңілдес әйелді таңдау, не некені сақтау үшін сүймеген өз әйелімен қалу. Не ата-анасымен бірге тұру, не оларды қиындықта қамқорламай, өз өмірімен өмір сүру.
Көбінесе мұндай тығырыққа тірелетіндер – дайын шешімге, яғни біреудің өздері үшін шешім қабылдауына дағдыланғандар.
Жылдар бойы қалыптасқан әлсіз ерік-жігердің кесірінен олар балалық позицияда қалып қояды, есейіп, толысып, өмірді өзгертетін шешімдер қабылдаудың орнына, алкогольдік сусындардың босаңсытатын «тұманының» арасына жасырынуға тырысады.
Әдетте, мұндай сұраныс ішімдікке тәуелді адамға барлық нұсқаларды қарастыруға, қорқынышты жоюға, өз-өзіне сенімсіздік пен күмәнді жоюға көмектесетін өте тәжірибелі пейнхантер көмегімен шешіледі.
Бұл оны түпкілікті шешім қабылдауға әкеледі, содан кейін ол «маскүнемдікпен» жасырынуға деген қалауын жоғалтады, қайта керісінше, өз өмірін өз қолына алады.
Маскүнемдікті емдеудің балама әдісі
Өкінішке орай, маскүнемдіктен зардап шегетіндердің бәрі өздерінің тәуелділігін мойындай бермейді. Бұл жағдайда біз алкоголизмді емдеудің баламалы әдісін ұсынамыз – маскүнемді оның тәуелділігіне ортақтасқан адам арқылы емдеу.
99% кепілдікпен Пейнхантинг авторлық методикасын қолданып, 90 минут ішінде біржола проблемаларыңыздан арылыңыз.
Біздің маманнан 15 минуттық тегін кеңес алыңыз, дәл қазір сұраныс қалдырыңыз
Біз бірегей авторлық методиканы қолдана отырып
психологиялық көмек көрсетеміз: «Пейнхантинг» - Олжас Сейітов - Қоңырау шалыңыз: +7 (707) 102-00-90.