ТҰЛҒАНЫҢ ТОЛЫСҚАНДЫҒЫ

Адамдардың психологқа барғанымен, жауапсыз болып қалуының басты себептерінің бірі – олардың есейіп, жетілген тұлға болуға қалауының жоқтығы. "Сәби" болу ыңғайлы, бірақ ондай күйден шығу ауыр тиеді.

Тұлғалық толысу

Адамның психологиялық бұзылуларының көпшілігінің себебі психологиялық жарақат пен сүйіспеншіліктің жетіспеуі деген жалпы қабылданған пікір бар.

Бұл туралы Алматы мен Астанадағы көптеген психологтар мен психотерапевтер айтады, сондықтан балаға барынша көңіл бөлуді, сүйіспеншілік пен қамқорлық көрсетуді айтады.

Алайда, практикада сүйіспеншілікке толы отбасында, агрессия мен жазалаусыз өскен, бірақ жалқау, әлсіз, ерік-жігері жоқ, капризді балаларды кездестіреміз.

Бұл қазіргі қоғамдағы проблема болып тұр. Егер осыдан 50 жыл бұрын ғана адамдар балаларды тым қатал тәрбиелесе, енді басқа шектен шығушылық бар, бұл – баланы тұншықтыратын, оның дамуына мүмкіндік бермейтін шектен тыс қамқорлық.

Балаға шектен тыс қамқорлық көрсетілсе не болады? Неліктен бұл баланы бұзады?

Шын мәнінде, психологиялық сау адамға өте қажет екі қасиет бар — бақыт пен толысқандық. Егер сіз табысты адамдарды бақылап көретін болсаңыз, олардың барлығында осы екі компоненттің де бар екенін байқайсыз.

Адамның бақыты, негізінен балалық шағында қаланған іргетасқа байланысты. Егер оған бала кезінде өте жаман қараған болса, онда оның тағдыры қалай болғанына қарамастан, ол әрқашан пессимизмге және жапа шегуге бейім болады, шын бақытты өте сирек сезінеді.

Ал егер ол сүйіспеншілік пен түсіністік танытқан ортада өссе, өмірде қиындықтар туындаса да, ол жан жарасын алған адамға қарағанда бақытты болып қала береді.

Адамның толысуы не нәрсеге байланысты?

Адамның толысуы шын мәнінде, оның өмірдегі жеңістеріне, жетістіктеріне әрі өмірлік тәжірибесіне байланысты. Тіпті негативті тәжірибесі қуаныш әкеле қоймаса да, ол бұрынғыға қарағанда толыса түседі.

Сондықтан да балаға есею мүмкіндігін беру өте маңызды. Ал бұл үшін ата-аналар балаға өмірдің барлық салаларында оң тәжірибе жинақтауға көмектесулері керек әрі оны барлық қиындықтардан оқшауламағандары дұрыс.

Адамды өмірлік тәжірибемен қатар білім де жетілдіреді. Білім алмаған адамға қарағанда білімді адам анағұрлым жақсырақ толысады.

Адамды жетілдіретін үшінші фактор – өзгелермен қарым-қатынас. Ата-анасынан басқа ешкіммен араласпаған, тіл табыса алмайтын адамдар балалық қалпында қалып, рухани өспейді. Керісінше, өмірде әртүрлі адамдармен қарым-қатынас жасау тәжірибесі мол адамдар жеке тұлға ретінде толысқан жандар болып табылады.

Өзіңіз түсінгендей, тәрбиедегі шамадан тыс қамқорлық баланың есеюін тоқтатады. Ол салыстырмалы түрде бақытты болып өсуі мүмкін, бірақ тұлғалық толысуы болмайды.

Балалық позицияны ересек позициядан қалай ажыратуға болады?

Толысқан ересек адам әрқашан қателікті өзінен іздейді. Өз кінәсін мойындап, ақтала беріп, дауласпайды. Ол басқаларды кінәлаудан гөрі өз өмірі үшін жауапкершілік алады.

Толысқан адам өз табысын жасауға тырысады, ал толыспаған адам дайын шешім іздейді.

Толысқан адам бәріне өз күшімен қол жеткізеді, ал толыспаған адам тек тұтынуды жақсы көреді.

Өзгемен қарым-қатынаста толыспаған адам өзінің әкесі немесе анасындай болатын идеалды адамды іздейді, ал толысқан адам өзімен тең адаммен қарым-қатынас жасайды.

Толысқан адам өзгеге үміт артпай, қиялсыз әрекет етеді және ешкімнен қолдау күтпейді, ал толыспаған адам бақ пен сәттілікке және басқа біреудің қолдауына сүйенеді.

Неліктен толысқан ересек болып өсу оңай емес?

Адамның толысуына көмектесудің ең жылдам жолы — оған қамқорлық жасауды доғарып, әрекет ету бостандығын беру. Ата-ана баласын психологиялық тұрғыда тезірек жіберсе, бала соғұрлым тез өседі.

Өкінішке қарай, бала тәрбиесінде әкелерге қарағанда аналар жиі қателеседі. Олар баланы өз қамқорлығымен шектеп, бала бәсекеге қабілетсіз болып қалады.
Аналар, өз кезегінде, балаларын қатты аяйтындықтан, асыра қорғауға бейім келеді. Олардың балаларын қауіптен қорғауға қозғау салатын өз қорқыныштары бар.

Сол қорқыныштарының бар екенін түсініп ұғынбайынша, олардың балаларға деген көзқарасын өзгерту, тәрбиесін өзгерту өте қиын.

Бала тәрбиесі туралы толығырақ «Баланы математикалық дәлдікпен тәрбиелеу» кітабынан оқи аласыз.

Психологиялық толысу деңгейіңізді білгіңіз келсе, мына сілтеме арқылы психологиялық жетілу тестінен өтуіңізге болады:

Нәтижелерді алғаннан кейін сіз әрқашан бұл мәселенің егжей-тегжейлі анық-қанығын біле аласыз, Пейнхантинг методикасын қолдана отырып, бала тәрбиесіндегі қателіктерді анықтап, жоя аласыз.


99% кепілдікпен Пейнхантинг авторлық методикасын қолданып, 90 минут ішінде біржола проблемаларыңыздан арылыңыз.

Біздің маманнан 15 минуттық тегін кеңес алыңыз, дәл қазір сұраныс қалдырыңыз

Біз бірегей авторлық методиканы қолдана отырып психологиялық көмек көрсетеміз: «Пейнхантинг» - Олжас Сейітов - Қоңырау шалыңыз: +7 (707) 102-00-90.
Тұлғаның толысуы
Тұлғаның толысуы
Адамдардың психологқа барғанымен, жауапсыз болып қалуының басты себептерінің бірі – олардың есейіп, жетілген тұлға болуға қалауының жоқтығы.

Избавьтесь от проблем

Раз и навсегда за 90 минут, с помощью авторской методики Пейнхантинг с гарантией 99%. Получите бесплатную 15-минутную консультацию от нашего специалиста, оставьте заявку прямо сейчас

Оказываем психологическую помощь по уникальной авторской методике: "Пейнхантинг" - Олжаса Сеитова - Звоните: +7 (707) 102-00-90. Помощь при депрессии.