ҮРЕЙ ҰСТАМАСЫ

Пейнхантинг көмегімен үрей ұстамасы көп жағдайда 3-7 сеанста емделеді. Кейбір күрделі жағдайларда 10-15 сеанс қажет болуы мүмкін.


Паникалық (үрейлі) шабуылдар
Үрей шабуылдары немесе ұстамасы — бұл әртүрлі физикалық және психологиялық белгілерден көрініс табатын күшті қорқыныш немесе ыңғайсыздықтың кенет пайда болатын жағдайлары.

Бұл шабуылдар күтпеген жерден, айқын себепсіз пайда болуы мүмкін және көбінесе бірнеше минут ішінде үдемелі кезіне жетеді.

Үрей ұстамасының негізгі белгілеріне жүрек соғу жиілігі, тершеңдік, тремор, тұншығу сезімі, кеуде тұсындағы ауырсыну, жүрек айну, бас айналу және бақылауды жоғалту немесе өлім қорқынышы жатады.

Үрей шабуылдарын бастан кешіретін адамдар көбінесе өздерін өмірлеріне қауіп төндіп тұрғандай сезінеді, бірақ шын мәнінде олай емес. Үрей шабуылдарының өзі өлімге әкелмесе де, өмір сүру сапасын айтарлықтай нашарлатуы мүмкін.
Жиі шабуылдар мазасыздық бұзылыстарының дамуына әкеледі, бұл күнделікті әрекеттер мен әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айтарлықтай шектейді.

Паникалық шабуылдарды емдеуге болатынын есте ұстаған жөн. Жағдайды жеңуге, өміріңізді бақылауды өз қолыңызға алатындай қалпына келтіруге көмектесетін тиімді емдеу әдістері мен дәрі-дәрмектер бар.

Үрей ұстамасының себептері

Үрей шабуылдарын мүмкіндігінше тиімді емдеу үшін алдымен олардың пайда болу механизмін түсіну керек. Үрей ұстамасы бір күнде пайда болмайды.

Үрей шабуылдарының пайда болуына дейін бірте-бірте соған әкелетін бірнеше оқиғалар орын алады. Ал кейін сол шабуылдар жиілейді.

Үрей ұстамасы бар адамдардың тарихы ұқсас келеді. Бастапқыда олардың өмірінде есеңгірететін сәттер, ауыр физикалық жарақаттар немесе күшті қорқыныш орын алады. Бұл түбірлік оқиға деп аталады.

Уақыт өте келе бұл оқиға ұмытылып, адам кәдімгі өмірін жалғастырады. Шындығында, сол кездегі барлық жағымсыз эмоциялар мен жағымсыз сезімдер еш жерге жоғалып кетпейді, тек «ұйқы режиміне» өтеді.

Кейінірек басқа да жағымсыз оқиғалар орын алады. Мысалы, адам қандай да бір қолдауды немесе қорғанысты жоғалтуы мүмкін, жақын адамынан айырылуы мүмкін, бұдан кейін науқастың жалпы жағдайы нашарлай бастайды, рухы әлсірейді.

Біз бұл оқиғаларды болашақ үрей шабуылдарына негіз болатын қосымша оқиғалар деп атаймыз.

Кейінірек, түбірлік оқиғаға ұқсас оқиғалар орын алады және сол кезде адам үрей ұстамасының алғашқы шабуылдарын сезінеді. Бұдан оның бойын қатты қорқыныш билейді, ол сол жағдайды ұмытуға тырысады.

Өте әсерлі адамдар дереу неврологқа немесе басқа дәрігерлерге жүгінуі мүмкін, бірақ адамдардың көпшілігі тағы бірнеше шабуылдарды өткереді.

Үшінші, төртінші және бесінші шабуылдар науқастың үрейін ұшыра бастайды әрі ол әртүрлі сценарийлер ойластыра бастайды. Дәрігерлер науқасқа уақытша көмектесетін тыныштандыратын дәрілер жазады, бірақ бұл ауруды емдемейді.

Бір сәтте келесі кезең пайда болады – бұл қорқыныштың өзінен қорқу. Яғни, үрей шабуылдары жақын арада басталады деген қорқыныш қалыптасады.

Дәл осы күту, яғни қайталанатын қорқыныштың басталуын күту, шабуылдың көрінісін одан сайын күшейтеді, өйткені науқас босаңсудың әрі түсінікті арттырудың орнына, керісінше, өз қорқынышын одан сайын күшейтеді және үрей ұстамасын үдетеді.

Нәтижесінде, қандай да бір сәтте науқас тұйық шеңберге кіреді: өзін тыныштандыру үшін үрей шабуылдарынан құтылу керек, ал олардан құтылу үшін өз-өзін қолға алу керек. Осылайша проблема шешілмейді, шабуылдардың жиілігі тек арта береді.

Мұның бәрі науқастың өз-өзімен тұйықталуына, адамдармен араласудан қашқақтауына, тіпті жұмысын тастап, жақындарымен айырылысуға әкеледі.

Үрей ұстамасын емдеу

Үрей ұстамасы бар адамдар әртүрлі мамандардың көмегіне жүгінеді. Дәрігерлер ешбір физиологиялық ауытқуларды таппағандықтан, науқас дәстүрлі емес медицинадан көмек іздей бастайды, тіпті әртүрлі экстрасенстер мен бақсы-балгерлерге барады.

Көп жағдайда бұл пайдасыз болып қана қоймай, науқастың жағдайын одан сайын нашарлатады, өйткені бұл адамдар оның өзі проблеманы асыра ойластырып алғанын және шын мәнінде ешқандай проблема жоқ екенін айтады.

Ал егер психиатр немесе психотерапевтпен кеңессе, олар науқасқа дәрі-дәрмек жазып береді, бұдан оның жалпы жағдайы жақсаруы мүмкін, бірақ үрей шабуылының шығу себебі жойылмайды.
Оның үстіне көптеген дәрі-дәрмектің адамның өмір сүру сапасын нашарлататын жанама әсерлері болып жатады.

Егер адам психологтарға жүгінсе, онда олар қолданатын стандартты әдістердің көпшілігі үрей шабуылын тек жарым-жартылай емдеуге көмектеседі, өйткені Алматы мен Астанадағы көптеген психологтар себеппен емес, салдармен жұмыс істейді.

Гипнотерапия, когнитивті мінез-құлық терапиясы, психоанализ, гештальт-терапия науқасты одан сайын абыржытуы мүмкін, өйткені қатты үрей оны «тұншықтырып тастайды» және ол бұл әдістерден құтқарылу үмітін көрмейді.

Үрей шабуылдарын пейнхантинг көмегімен емдеу

Пейнхантинг көмегімен үрей ұстамасы көп жағдайда 3-7 сеанста емделеді. Кейбір күрделі жағдайларда 10-15 сеанс қажет болуы мүмкін.

Дегенмен, бұл емдеу үрей ұстамасының жәй ғана белгілерін емес, бастысы өзегін, түбірлі себебін жоюға бағытталған. Сондықтан да бір рет емделіп, науқас шабуылды тудыратын жан жарасынан біржола арылады.

Сеанс барысында пейнхантер үрей шабуылдарының белгілерін мұқият зерттейді, өйткені олар ықтимал түбірлік оқиғаның өзін тікелей көрсете алады.

Мысалы, егер науқас кенеттен тұншығатынын жиі айтатын болса, онда түпкі оқиға бұрын біреудің оны тұншықтырмақ болған кезі немесе ауа жетпей ауырған кезі болуы мүмкін.

Немесе, мысалы, науқас беті қызарып, ысып кететінін жиі айтуы мүмкін, ал түбірлік оқиға балалық шағында өзгелердің оны қатты ұялттырып, содан оның қатты қызарып кеткен кезі болуы мүмкін.

Әрі қарай, пейнхантер түрлі сұрақтар қояды және ауру белгілерінің жалпы хронологиялық талдауын жасайды, яғни қайталама оқиғалардың қашан пайда болғанын, қосымша жағдайлардың қашан орын алғанын түсінуге тырысады, осылайша түбірлік оқиғаға біртіндеп жақындайды.

Өкінішке қарай, бірінші сеанста түбірлік оқиғаға жету өте қиын, өйткені науқас түпсанасында барынша аулақ болуға тырысқан үлкен жан жарасының бар екенін түсінуге және оны бірден сезінуге дайын болмайды.

Сондықтан, пейнхантер кейінгі оқиғалардағы жан жараларын жояды және клиенттің ертеректе болған оқиғалардағы жан жарасын сезіну қабілетін арттырады.

Міне осы себептен де, жан жарақаты неғұрлым күшті болса, соғұрлым көп сеанстар қажет болады, өйткені клиенттің өзі бір сеанста жан жарасының үлкен мөлшерін алуға дайын емес.

Негізі, үрей ұстамасы – бұл асыра ойластырылған қорқынышқа түпсананың реакциясы болып табылады. Кейбіреулер үшін бұл өлімнен қорқу, басқалары үшін өлімге әкелетін аурудан қорқу, тағы біреулер үшін жазадан қорқу, ал енді біреулері үшін жақындарын жоғалту қорқынышы болуы мүмкін.

Сондай-ақ, адам өз қорқыныштарынан неғұрлым қашатын болса, үрей шабуылдары соғұрлым күшті әрі жиі көрініс таба беретінін түсіну керек.

Пейнхантер қайталама және түбірлік оқиғаларды тапқаннан кейін, сол естеліктердегі жан жарақаттарын жояды, бұдан науқас жеңілдік сезіне бастайды.

Ол өз қорқыныштарының ойдан шығарылғанын әрі шындыққа жанаспайтынын түсінеді, қорқыныштың көзіне тіке қарап, үрей шабуылдарынан толығымен құтылады.

Осы сипаттамадан көріп отырғаныңыздай, үрей шабуылдарын пейнхантинг арқылы емдеу қауіпсіз және экологиялық таза әдіс болып табылады әрі ешқандай жанама әсерлері немесе асқынулары жоқ.

Егер сізді қызықтырса, үрей ұстамасы туралы қызықты оқиғаларды осы жерден оқи аласыз.

99% кепілдікпен Пейнхантинг авторлық методикасын қолданып, 90 минут ішінде біржола проблемаларыңыздан арылыңыз.

Біздің маманнан 15 минуттық тегін кеңес алыңыз, дәл қазір сұраныс қалдырыңыз

Біз бірегей авторлық методиканы қолдана отырып психологиялық көмек көрсетеміз: «Пейнхантинг» - Олжас Сейітов - Қоңырау шалыңыз: +7 (707) 102-00-90.
Үрей шабуылдары
Үрей шабуылдары
Пейнхантинг көмегімен үрей ұстамасы көп жағдайда 3-7 сеанста емделеді. Кейбір күрделі жағдайларда 10-15 сеанс қажет болуы мүмкін.

Избавьтесь от проблем

Раз и навсегда за 90 минут, с помощью авторской методики Пейнхантинг с гарантией 99%. Получите бесплатную 15-минутную консультацию от нашего специалиста, оставьте заявку прямо сейчас

Оказываем психологическую помощь по уникальной авторской методике: "Пейнхантинг" - Олжаса Сеитова - Звоните: +7 (707) 102-00-90. Помощь при депрессии.