Психосоматикалық аурулар қалай пайда болады?

Өмірдегі әртүрлі оқиғалар және оларға деген біздің реакциямыз, ойларымыз, эмоцияларымыз, әрекеттеріміз, сезімдеріміз мен қабылдауларымыз бір-бірімен өте тығыз байланысты.
Өмірдегі әртүрлі оқиғалар және оларға деген біздің реакциямыз, ойларымыз, эмоцияларымыз, әрекеттеріміз, сезімдеріміз мен қабылдауларымыз бір-бірімен өте тығыз байланысты.

Сондықтан психосоматикалық аурулардың пайда болу табиғатын түсінгеніңіз ауруға кең көзқараспен қарауға және қайтып ауруға бой алдырмауға көмектеседі.

Ендеше психосоматикалық аурулардың пайда болуының сегіз негізгі механизмін қарастырайық:

Ауру психосоматикасы

№1 механизм – Шоғырланған/жинақталған эмоциялар

Бұл ең айқын механизм болып табылады. Мысалы, сіз қатты ашуландыңыз делік. Осы кезде ішіңізде түйілу, бауыр немесе асқазанның ашып ауруын сезінесіз.

Ал егер бұл эмоцияда өте ұзақ уақыт болсаңыз әрі ол өте интенсивті түрде көрініс тапса, онда ол ауру түрінде «дақ» қалдыруы мүмкін. Асқазан жарасы, панкреатит немесе асқазан-ішек жолдарының басқа аурулары пайда болуы мүмкін.

Әртүрлі эмоциялармен біз дененің түрлі мүшелерінде түрлі сезімдерді сезінеміз. Мысалы, біз жылағанда мұрнымыз, көзіміз және бет-әлпетіміздің алдыңғы бөлігі іске қосылады.

Сондықтан, егер тым ұзақ уақыт қайғылы күйде болсаңыз, кейінірек гайморит пайда болуы мүмкін.

Қорқыныш сезімі болғанда, кіндік, бүйрек тұсында не қуықта салқындық сезінуіңіз мүмкін. Немесе аяқтарыңызда діріл сезесіз.

Бұның салдары қандай болатыны анық: диарея, бүйрек ауруы, цистит, энурез, ревматизм.

Абыржығанда және бір нәрсеге қарсылық көрсеткенде, түрлі бұлшықеттерде діріл мен тамыр соғуын сезінесіз. Ал бұдан сіңір тартылулар, жүйкенің еріксіз тартуы және т.б. пайда болады.

Яғни, ең алдымен, шамамен осы психологиялық күй мына ауруды тудырды деп анықтап, түсіне алу үшін денеңіздің зардап шеккен мүшесіне назар аударуыңыз және онымен қандай эмоция байланысты екенін еске түсіруіңіз қажет.

Және өзіңізге мына сұрақты қойыңыз: соншалықты күшті «шоғырланып», жинақталып, осындай ауруға әкелген қандай эмоция?

№2 механизм – Іште сақталған эмоциялар

Психосоматика туралы тағы бір маңызды жайт – мұндай ауруларға тым эмоционалды адамдар тап болатындай көрінер, алайда керісінше, өз эмоцияларын, әсіресе жағымсыз эмоцияларын басып отыратындар ауруға шалдығуға бейім келеді.

Мысалы, ренішіңіз бен бір нәрсеге келіспегеніңізді ішіңізде ұстасаңыз, әдетте оны өңеш пен тамақта сезінесіз. Егер бұл жиі орын алса, жиі ангина не басқа да тамақ ауруларымен ауыратын шығарсыз.

Егер жылағыңыз келіп, бірақ жыламаған болсаңыз, созылмалы гайморитпен ауыратын болуыңыз мүмкін. Ал ашуды іште ұстау ревматоидты артритке, аутоиммундық ауруларға немесе тіпті онкологияға әкеледі.

Сондықтан, уақытында эмоцияларын сыртқа шығарған адамдар психосоматикалық аурулармен ауырмауы мүмкін екенін байқайсыз, ал оларды ішінде ұстайтындар ауруға бейім келеді.

№3 механизм – Метафоралар мен сөздердің жанама мағыналары

Психосоматиканың өте қызықты механизмі бар. Бұл механизм адам денесінің қандай да бір мүшесі туралы жанама мағынасы бар сөздерді жиі қолданғанда жұмыс істейді.

Мысалы, адам бір нәрседен қатты шаршаған кезде «Жақында менде геморрой пайда болар» деген сөзді қолдануы мүмкін.

Немесе: «Мен оны көргім келмейді» деп жиі айтқан кезде, көру проблемалары туындайды. Бұны тікелей мағынада көру проблемасына нұсқап айтпаған болса да, түпсана бәрін дәл солай жазып алады.

Біз қолданатын әрбір сөз, әсіресе күшті эмоционалды күй өршіп тұрған кезде жиі айтылатын сөздердің бәрі түпсанада гипноздық бұйрық ретінде жазылады.

«Одан басым ауырады», «Жүрегім ауырады» немесе «Сөзінен құлағым ауырады» сияқты зиянсыз көрінетін, бірақ жиі қолданылатын тіркестер, әрине, сәйкесінше бас ауруы, жүрек ауруы және құлақ ауруын тудыруы мүмкін.
Түрлі ауру тудыратын мынадай онша анық байқала бермейтін сөздер бар: «Мен оны қорыта алмаймын» (асқазан-ішек жолдарының проблемалары), «Айналамда тек улы адамдар» (бауыр проблемалары), «Дәрет жіберіп қоя жаздадым» (нәжіс проблемалары).

Сондықтан ауыратын жеріңізге қатысты қандай сөз тіркестерін жиі қолданатыныңызды еске түсіріп көріңіз.

№4 механизм – Эмпатия және өз бойына сіңіру

Төмендегі механизм әдебиеттерде аз сипатталғанмен, өмірде жиі кездеседі. Адам басқа адамның қасіретін көріп, жанашырлық танытады, жанашырлық танытқаны сонша, әлгі адамның ауруын өзіне «сіңіреді».

Мысалы: анасының онкологиядан қалай көз жұмғанын көргені бір қызға қатты әсер етеді, оның анасына жаны ашиды, көмектескісі келеді, бірақ көмектесуге дәрменсіздігі әрі күшсіздігінің салдарынан бірнеше жылдан кейін онкологияны өз бойынан табуы мүмкін.

Мұндай мысалдар өте көп, дәрігерлер бұны әдетте тұқым қуалаушылыққа жатқызады. Бірақ бұл жерде, шын мәнінде, себеп тұқым қуалаушылықта емес, эмоционалдық жақындық деңгейінде, өйткені онша әсерлі емес және науқасқа қатты жақын емес туыстары ауруды өздеріне «алмауы» мүмкін.

Осы механизм арқылы кекештену, эпилепсия, гипертония және басқа да аурулар өзгеге «берілуі» мүмкін.

№5 механизм – Жасырын пайда

Бұл бір дегенде анықталмайтын, жасырын механизм. Науқас ауруынан жазылмай, ауыра беру арқылы өзіне пайда көреді.

Мұның астарында басқалардан аяушылық, қамқорлық пен жанашырлық сезінгісі келгені, ал кейде басқаларды жазалау ниеті болуы мүмкін.

Мысалы, егер анасы өте агрессивті болса, бала анасы оған тиіспеуі үшін түпсана деңгейінде «әлсіз және ауру болу» режимін іске қосуды шешеді.

Сондықтан ол кез келген себеппен ауырып қалуы мүмкін, сонда анасы оған қысым жасамай, керісінше, оған қамқорлық танытады.

Кейбір жағдайларда жасөспірімнің анасынан кек алғысы келгені, оған ренжігені сонша бір қорқынышты ауруға шалдыққысы келеді және бір күні дәрігерлер одан сирек кездесетін қатерлі ісіктің қандай да бір түрін табуы мүмкін.

Мұндағы баланың жасырын пайдасы – анасының өте дөрекі әрекеттері үшін қиналғанын қалап, өкіндіріп, кінәлі сезіндіру.

Күлкілі болып көрінетін шығар, бірақ бұл механизмді балалар ата-аналарына қатысты ғана емес, сонымен қатар ата-аналар да балаларына қатысты «іске қосады».
Зейнет жасындағы әжелер балаларының қамқорлығынсыз қалмас үшін әдейі жиі ауырып қалуы мүмкін.

Тіпті балалары емделуге көп ақша жұмсаса да, егде жастағы әйел әрдайым балаларының қасында болғандарын түпсана деңгейінде қалап, қайта-қайта ауырып қалуы мүмкін.

№6 механизм – Жазылып қалған сезімдер

Бұл механизм қандай да бір физикалық жарақаттар кезінде пайда болады. Мысалы, адам көшеде қатты тоңып қалып, менингитпен ауруханаға түсті делік.

Енді өмір бойы сәл салқындықтың өзі денеге бұрынғы жарақатты еске түсіріп, ол автоматты түрде ауырып қалуы мүмкін.

Немесе, мысалы, бір қыз бала өте ауыр етеккірді бастан өткереді, енді болашақта етеккірдің басталуының кішкентай белгісінің өзі түпсанада бірінші етеккірдің барлық сезімдерін тудырады.

Жастық шағында ауыр жүктерді (сөмке, азық-түлік және т.б.) көтерген әйелдер өмір бойы иық ауруын сезінуі мүмкін.

Барлық осы сезімдер бұрын болып, өтіп кеткен, бірақ олар түпсанада белгіленіп, жазылып қалған, сол себептен де созылмалы болып қалады.

Егер бастапқы түбір оқиғаға қатысты тиянақты жұмыс жасалса, адам мазалай берген психосоматикалық аурудан толығымен арыла алады.

№7 механизм – Қосылған оқиғалар

Төмендегі механизм қарапайым емес, тіпті оны Астана не Алматыдағы кәдімгі психологтар да түсінбеуі мүмкін.

Механизм мәні мынада: адам қандай да бір күрделі психологиялық жарақатты бастан кешіреді, сол кезде физикалық деңгейде болғанның бәрі сол жарақатқа «қосылады», ал болашақта физикалық ортада ұқсас белгілер пайда болған кезде сол «қосылған» психологиялық жарақат та іске қосылады.

Адам қателесіп физикалық қоздырғышты негізгі себеп деп санайды, бірақ бұл негізгі себеп емес, жай ғана триггер. Мұндағы басты себеп – психологиялық жарақат.
Мысал. Бірде бір адам жылы елде өте ыстық жазда, 40 градус ыстықта, күн жарқырап тұрғанда қонақта болады, сол кезде ол жанына қатты батқан жоғалтуды өткереді.

Нәтижесінде ол қайғыны да, ыстықты да бір мезетте басынан өткереді. Енді келешекте ауа-райы өте шуақты болса, ол бірден сіңбірік шығарып, жиі түшкіріп, жөтеледі.

Дәрігерлер гайморит немесе суық тию белгілерін көрмегендіктен, бұны күнге аллергия деп есептейді.

Бірақ, шын мәнінде, күн түпсанаға психологиялық жарақатты, атап айтқанда, жоғалту азабын еске түсіреді, сондықтан сол жарақатты қоздырады.

Сондықтан адам аңдаусыз бұрынғы, өтіп кеткен психикалық жарақатты бастан кешіреді, бірақ физикалық деңгейде аллергиямен ауырамын деп қателеседі.

Бұл механизм жиі орын алып жатады. Мысалы, егер бір әйелдің бұрын анасының қасында болған кездері үнемі басы ауырған делік, болашақта енесі анасына ұқсайтын болса, онда оның жай ғана үйге келгенінің өзі түсініксіз бас ауруын тудыруы мүмкін.

Әйел бас ауруының себебі қайын енесі деп ойлауы мүмкін, бірақ шын мәнінде ол тек триггер. Мұндағы нағыз себеп – бала кезінде анасынан алған психологиялық жарақаты, соның салдарынан басы ауырады.

№8 механизм – Кінәлі сезіну

Тағы бір қызықты механизм бар – адамның басқаларға қиындық тудырғаны үшін өзін кінәлі сезінуі. Ол көңіл түбінде басқа адамға зиянын тигізгенін түсінеді және өзі аңдамай «Мен сондай жазаға лайықпын» бағдарламасын іске қосады.

Мысалы, әйелді зорлаған ер адам кейін простатитпен қатты ауырып, урологтардың көмегіне қарамастан, жыныс мүшесі мен қуық асты безінің қабынуынан түсініксіз бір азапты сезініп, қатты қиналуы мүмкін.

Немесе, мысалы, өлім аузында жатқан анасына дер кезінде көмектеспеген бір әйел өзі аңдамай «Мен жазаға лайықпын – мен де анам сияқты азап шегуім керек» деген ойды тудыруы мүмкін. Кейінірек ол да анасы сияқты ауруға шалдығуы ықтимал.

Тағы бір ерекше мысалдардың бірі – діндар адамдардың ауруы. Мысалы, ер адам мастурбациямен жиі айналысуы мүмкін, бірақ оны Хақ Тағаланың алдында ауыр күнә деп санайды, кейінірек Алла Тағала оны күнәлары үшін жазалайтынына сеніп, үрей шабуылдарына, түсініксіз діріл немесе импотенцияға ұшырауы мүмкін.

Мақаланың соңында айта кететін нәрсе – бүгінгі таңда психосоматикалық аурулардың небір түрлерінен арылудың ең тиімді және экологиялық таза әдісі – пейнхантинг болып табылады.

Осы орайда сіз алдын ала кеңес ала аласыз немесе бірден пейнхантермен сеансқа жазылып, проблемаңызды біржола шеше аласыз.

99% кепілдікпен Пейнхантинг авторлық методикасын қолданып, 90 минут ішінде біржола проблемаларыңыздан арылыңыз.

Біздің маманнан 15 минуттық тегін кеңес алыңыз, дәл қазір сұраныс қалдырыңыз

Біз бірегей авторлық методиканы қолдана отырып психологиялық көмек көрсетеміз: «Пейнхантинг» - Олжас Сейітов - Қоңырау шалыңыз: +7 (707) 102-00-90.
Психосоматикалық аурулар қалай пайда болады?
Психосоматикалық аурулар қалай пайда болады?
Өмірдегі әртүрлі оқиғалар және оларға деген біздің реакциямыз, ойларымыз, эмоцияларымыз, әрекеттеріміз, сезімдеріміз мен қабылдауларымыз бір-бірімен өте тығыз байланысты.

Избавьтесь от проблем

Раз и навсегда за 90 минут, с помощью авторской методики Пейнхантинг с гарантией 99%. Получите бесплатную 15-минутную консультацию от нашего специалиста, оставьте заявку прямо сейчас

Оказываем психологическую помощь по уникальной авторской методике: "Пейнхантинг" - Олжаса Сеитова - Звоните: +7 (707) 102-00-90. Помощь при депрессии.