Психосоматика – стресс, мазасыздық немесе депрессия сияқты психологиялық күйлердің біздің тәнімізге қалай әсер ететінін және қалай түрлі физикалық белгілерді не ауруларды тудыратынын түсіндіреді.
Психосоматика – біздің ойларымыз, эмоцияларымыз және тәндік денсаулығымыздың арасындағы байланысты зерттейтін медицина саласы.
Осы байланысты түсінгеніміз эмоционалдық күйіміздің тән саулығына қалай әсер ететінін және психосоматикалық проблемаларды қалай шешуге болатынын жақсырақ түсінуге көмектеседі.
Психосоматика - біздің ойларымыз, эмоцияларымыз және тәндік денсаулығымыз арасындағы байланысты зерттейтін медицина саласы.
Психосоматика стресс, мазасыздық немесе депрессия сияқты психологиялық күйдің тәнімізге қалай әсер ететінін және әртүрлі физикалық белгілерді не ауруларды тудыратынын түсіндіреді.
Яғни, аурулар, белгілер мен бұзылулар физикалық себептерден емес, адамның психикалық күйімен байланысты пайда болады. Мысалы, мазасыздық пен абыржудан жүрек аурулары немесе стреске жиі түскеннен асқазан-ішек жолдарының бұзылуы пайда болады.
Көптеген ғалымдар, тіпті ресми медицина өкілдері барлық аурулардың шамамен 80% шын мәнінде психосоматикалық сипатта екеніне сенімді.
Көп дәрігерлер өздері тағайындаған емнің уақытша нәтиже беретінін, аурудың себебі әлдеқайда тереңде екенін түсініп, емделушілерді Алматыдағы психологтарға жүгінуге талпындыруда.
Көп жағдайда, мысалы, жүрек ұстамасының жиі болуының себебі адамның шеше алмай жүрген қандай да бір психологиялық проблемасында екенін түсіндірсеңіз, ол бұнымен келіскісі келмей, қарсылық көрсетеді.
Мәселен, ойық жара адамды іштен бірдеңе «жегендіктен» пайда болады. Алайда кейбіреулерге бұлардың бір-бірімен ешбір байланысы жоқтай көрінеді.
Бірақ шын мәнінде, ой-сананың тәнге әсері тәннің санаға әсерінен әлдеқайда күштірек. Бұған ғылыми дәлелдердің қажеті жоқ.
Көзіңізді жұмып, барлық проблемаларыңыздың шешілгенін елестетіп көріңізші, демалысқа шығып, жылы бір жерге қыдырып келдіңіз, күн шуақты, самал жел маңдайыңызды сипап, әсем табиғатты тамашалап жатырсыз.
Осы айдың, тіпті жылдық барлық мәселелерді шешіп, қалағаныңызға қол жеткізгеніңізді елестетіп көріңіз.
Адамдар сізді бағалайтынын, риза екендерін, құрметтейтінін және қолдайтынын елестетіңізші. Қасыңызда жаныңызға жайлы, қуаныш сыйлайтын адамдар ғана бар.
Егер елестету қабілетіңізбен қиындықтар болмаса және бұл жаттығуды мұқият орындаған болсаңыз, өзіңізді жайбарақат сезініп, босаңсыған боларсыз, мүмкін, тіпті жүзіңізде күлкі пайда болып, бір бақытты сезінген боларсыз.
Сонымен, дәл осы сәтте сіздің ағзаңызда көптеген құбылыстар орын алды. Бақыт пен қуаныш гормондары көтерілді. Миыңыз жүйкеңізге стрестің қажеті жоқ деген сигнал жіберді.
Кортизол азайып, бұлшықеттер де босаңсыған шығар, қан тамырлары кеңейіп, қан барлық органдарға жетіп, біраз қуат пен күш пайда болған болуы мүмкін.
Енді елестетіп көріңізші, миыңыз осындай «бейнені» қазіргідей 2-3 минут емес, күн сайын, тіпті бір апта бойы қабылдайды. Бір ай бойы болса ше? Бір жыл болса ше? Ал бірнеше жыл болса ше?
Енді осы жаттығуды қарама-қарсы бағытта жасап көріңіз. Проблемаларыңыздың шешілмей жатқанын елестетіңіз. Жұмысыңыздағы, оқудағы немесе өзгелермен қарым-қатынасыңыздағы ең нашар сценарийді елестетіп көріңіз.
Өмір бойы қорыққан нәрсе орын алды деп елестетіп көріңіз. Өмірдің қараңғы жолдары басталғанын елестетіңіз. Одан әрі егжей-тегжейлі айтпай-ақ қояйын, бірақ сіз асқазаныңызда, буындарыңызда және бұлшықеттеріңізде түйілу сезінген шығарсыз.
Мүмкін жақ сүйегіңіз, жұдырығыңыз да түйілген болар. Тамыр соғуы жиілеп, жүрек соғуын немесе қандай да бір апатияны сезінген шығарсыз.
Осы сәтте миыңыз бүкіл жүйке және эндокриндік жүйеге сигнал берді. Бәлкім, кортизол мен адреналин жоғарылаған шығар, бәлкім тәніңізде «соғыс» режимі қосылған болар, осы кезде бірнеше минутқа немесе сағатқа қартайып та үлгердіңіз!
Көріп отырғаныңыздай, ойлар мен эмоциялар сіздің денсаулығыңызға тікелей әсер етеді. Осы факторлардың, сондай-ақ өміріңіздегі барлық оқиғалардың денсаулығыңызға әсерін жоққа шығару – қазіргі таңда ақымақтық болып табылады.
Аурудың психосоматикалық немесе физиологиялық екенін қалай түсінуге болады?Кез келген ауруды, егер ол бір рет орын алған оқиғаға байланысты болса, психосоматикалық емес деп санауға болады.
Мысалы, сіз бас киімсіз шықтыңыз, ал далада аяз болды. Суықтың салдарынан әртүрлі салдарға тап болуыңыз мүмкін екені анық: тұмау, гайморит, отит, ангина немесе басқа аурулар.
Бірақ егер ауру айқын себептерсіз пайда болса, мысалы, далада 30 градус ыстық бола тұра суық тиіп қалсаңыз немесе басқа адамдармен бір тағамды жеп, ешкім уланбаса да, уланып қалсаңыз, онда психосоматикалық себептер туралы ойлану керек.
Тағы бір маңызды себеп – егер ауру дәрі-дәрмекпен емделгеніне қарамастан қайталанса, оның себебі психосоматикалық болу ықтималдығы өте жоғары.
Және, әрине, проблемаңыздың психосоматикалық сипатта екендігінің айқын дәлелі – бұл дәрігерлер тәніңізден ешқандай ауру таппайды, бірақ сіз сонда да ауырасыз.
Сізге гайморит бар сияқты көрінеді, бірақ рентген кескенінде жоғарғы жақ қуысының таза екені көрсетілген. Жүрегіңіз шаншитындай көрінеді, бірақ дәрігерлер жүрегіңіздің сау екенін айтады.
Адамдардың көпшілігі өз ауруының психосоматикалық сипатын тек соңғы жағдай орын алғанда, яғни оның жағдайында медицинаның дәрменсіздігі анықталғанда ғана түсінеді және мойындайды.
Ауруыңыздың психологиялық себебін қалай анықтауға болады?Өкінішке орай, аурудың психологиялық себептері туралы теорияны қабылдау бір мәселе. Келесі маңызды мәселе – ауруды емдеуді айтпағанда, оны қоздыратын нағыз психологиялық себепті түсіну.
Интернетте әртүрлі аурулардың психосоматикалық себептері туралы көптеген түрлі нұсқалар бар. Олардың көпшілігі Луиза Хэйдің еңбектерінде сипатталған.
Дегенмен, оның кітаптарында, сондай-ақ көптеген басқа дереккөздерде қарама-қайшылықтар өте көп және ондағы себептердің шындыққа сай келуі өте сирек.
Адам өз психологиялық себептерін түсінуді үйренуі үшін психосоматикалық аурулардың пайда болуының сегіз негізгі механизмін түсінуі керек:
1. Шоғырланған/жинақталған эмоциялар 2. Іште сақталған эмоциялар 3. Метафоралар мен сөздердің жанама мағыналары 4. Аяушылық және өз бойына сіңіру 5. Жасырын пайда 6. Жазылып қалған сезімдер 7. Қосылған оқиғалар 8. Кінәлі сезіну Бұл механизмдер туралы, олардың пайда болуының нақты мысалдарымен
«Психосоматикалық аурулар қалай пайда болады» мақаласын оқу арқылы көбірек біле аласыз.
Бұлардың негізгі және ең кең таралған механизмдер екенін түсінуіңіз керек. Ал негізі, әрине, олардың саны әлдеқайда көп.
Психосоматикалық аурулардың пайда болуының барлық механизмдерін сипаттау мүмкін емес. Олардың кейбіреулері өте күрделі болуы мүмкін және оларды өз бетінше анықтау әрі түсіну әрқашан мүмкін бола бермейді.
Іс жүзінде, адам себеп бірінші механизмде деп ойлап, бірақ сеанста бесінші және алтыншы механизм екені анықталып жатады. Тәжірибелі пейнхантер сіздің психосоматикалық ауруыңыздың себебін өте дәл, тура таба алады.
Психосоматикалық ауруды қалай емдеуге боладыСонымен, сіз психосоматикалық ауруыңыздың себебін таптыңыз. Ал әрі қарай не істеу керек?
Табылған себептермен жұмыс жасау үшін біз пейнхантингті қолдануды ұсынамыз, өйткені ол бүгінгі таңда психологиялық жарақатты жоюдың ең жылдам әдісі болып табылады.
Бұл туралы толығырақ «Бақытты етер 90 минут» кітабынан біле аласыз немесе бізбен сеансқа жазылыңыз.
99% кепілдікпен Пейнхантинг авторлық методикасын қолданып, 90 минут ішінде біржола проблемаларыңыздан арылыңыз.
Біздің маманнан 15 минуттық тегін кеңес алыңыз, дәл қазір сұраныс қалдырыңыз
Біз бірегей авторлық методиканы қолдана отырып
психологиялық көмек көрсетеміз: «Пейнхантинг» - Олжас Сейітов - Қоңырау шалыңыз: +7 (707) 102-00-90.