Депрессияға ұшыраған адамға қалай көмек көрсетсе боладыДепрессияға ұшыраған адам қатты қиналғанымен, өмірде жиі ол өз еркімен Алматы немесе Астанадағы психологтарға жүгінгісі келмейді.
Нәтижесінде жақын адамдары оның көз алдарында «сөніп жатқанын» көреді және бұған қатысты ештеңе істей алмайды.
Сондықтан, осы мақалада біз сіздермен бірнеше кеңестермен бөлісеміз және сүйікті адамыңызды депрессиядан шығаруыңызға көмектесуге тырысамыз.
Ең ауыр жағдайдан бастайық. Егер бұл қарт адам болса және жақында күйеуінен немесе әйелінен айырылған болса, онда депрессиядан шығару ықтималдығы өте аз.
Түсіну керек жайт, егер адам өмірінің мәнін толығымен жоғалтқан болса және өмірімен қош айтысуды шешсе, онда бұл жағдайда көмектесу өте қиын болады.
Біздің тәжірибемізде сеансқа жалғыз қалған 70 жастағы ата-әжелер келіп, сеанс кезінде өмір сүрудің еш мәні жоқ екенін, өлімді абыроймен қарсы алуға дайын екендерін толық сабырмен айтқан жағдайлар болған.
Мұндай жағдайларда ешбір маман оны басқаша ойлауға сендіре алмайды. Бұл жағдайда қолымыздан келетін нәрсе — адамның өз өлімін қаншалықты шыншылдықпен қабылдағанын және бұл жай ғана «балалық көзқарас» па, не манипуляция әдісі ме, соны анықтау ғана.
Ал егер өмірімен қоштасуға толықтай бел буғанына сенімді болсақ, онда өміріндегі барлық өкініштерді, реніш пен жан жараларын жоюға ғана қол жеткізе аламыз, сонда адам өмірінің қалған бөлігін жан азабысыз өткізеді.
Келесі, сәл жеңілірек жағдай — адам өмірінің мәнін жоғалтқанын айтады, бірақ өлім туралы әлі нақты шешім қабылдамаған.
Ол өлуге қорқатынын айтуы мүмкін немесе өмірі ауыр өткеніне шағымдануы мүмкін. Демек мұндай адамға көмектесуге болады, өйткені ол өмір сүргісі келеді.
Алайда, мұндай адамды сеансқа баруға талпындыру өте қиын, өйткені ол өз-өзін қолға алып, өмірін өзгертуге берік шешім қабылдамайды. Сондықтан, мұндай жағдайларда сіз сабырлы болуыңыз керек және оның манипуляциясына түспеуіңіз керек.
Егер ол өміріне шағымданса және бұған сіз сабырлы түрде растау айтсаңыз (яғни оның сұрағына бейтарап үнмен жауап беріңіз — «түсінемін», «мен сені түсіндім», «жарайды» және т.б.), ал ол сонда да тынышталмаса әрі шағымдануын жалғастырса, онда оған шағымданудың ешқандай мәні жоқ екенін жеткізуіңіз керек.
Әдетте мұндай мінез-құлық біреудің оның «құрбан болу» ой қалпын үнемі қолдағанының нәтижесі болып табылады. Сондықтан да ол налып, жұбаныш пен жанашырлықтың тағы бір мөлшерін алуға тырысады.
Ал егер оны аяп, жұбататын болсаңыз, күйін одан бетер нашарлатасыз. Сіз оның өмірге шағымдану және жауапсыз болу әдеттерін күшейтесіз.
Тағы бір күрделі жағдай — адамның өз-өзімен тұйықталып, апатияда қалуы. Ол алдыңғы жағдайдағыдай өмірге шағымданбауы мүмкін, бірақ оның оқшаулануы проблема тудырады.
Мұндай жағдайларда сіз оған жан жараларын бөлісіп айтуына көмектесе аласыз. Әдетте мұндай жандар жан жарамды ешкім түсінбейді деп ойлайды.
Сондықтан егер сіз одан өмірдің мәнін жоғалтатындай неден айырылғанын сұрасаңыз, ол көзіне жас алып, жан жарасын ашып айтуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда көптеген адамдар жіберетін қате — оны психологқа жіберуге асығыс әрекеттенуі.
Шын мәнінде, ол сізге әрең дегенде сенім артты және оның жан дүниесін ашатын кілтті сіз ғана таптыңыз, сондықтан егер сіз бұл кілтті басқаларға «тарататын болсаңыз», оның бұдан қатты көңілі қалуы және тіпті сатқындық сезінуі мүмкін.
Сондықтан, егер сіз оның жан дүниесін аша алған болсаңыз, адам толықтай ішіндегісін ақтарып айтып, жанын азаптаған жарасынан арылуы үшін жәй ғана оны тыңдап, сұрақтар қойыңыз.
Депрессияға ұшыраған жандармен диалогты қалай жүргізу керектігі туралы толығырақ «Бақытты етер 90 минут» кітабынан оқи аласыз.
Келесі жиі кездесетін депрессиялық жағдай — жасөспірімнің ата-анасының кесірінен сондай күйге түсуі.
Оны түсінбейді, оған еркіндік бермейді, өмірде өз адамын немесе өз мамандығын таңдауға рұқсат бермеді, соның салдарынан ол әрі қарай өмір сүрудің мәнін толығымен жоғалтты.
Оған не ұсынса да, айналасындағылардың бәрін кінәлап, тек бүлік шығарып, қарсылық көрсетеді. Мұндай жағдайда жан-жақты жұмыс жасау қажет.
Тек баламен жұмыс жасау жеткіліксіз болуы мүмкін, өйткені оның депрессиясының негізгі себебі ата-ана болуы мүмкін. Мұндағы түпкі мақсат – балаға өз өмірін сүруге мүмкіндік беру және оның өміріне араласуды тоқтату.
Іс жүзінде бұл тапсырмамен жұмыс жасау оңай емес, біз ең алдымен ата-аналардың қорқыныштары мен уайымдарымен жұмыс істейміз, өйткені олар солардың кесірінен баланың өміріне тым көп араласады, өздері ойластырып алған қауіптерден оқшаулайды.
Депрессияның тағы бір қиын түрі – адамның әлдебір пайда үшін депрессияға ұшырауы. Деніңіз сау болса, өз өміріңізге жауапты болуыңыз керек, қателіктеріңіз үшін жауапты болуыңыз керек.
Ал бұл тартымды болмауы мүмкін. Сондықтан, адам неғұрлым ыңғайлы әрі жайлы жолды таңдайды — депрессия күйінде қалып, ата-анасының мойнында немесе күйеуінің мойнында өмір сүру.
Біз депрессияның бірнеше ерекше және күрделі жағдайларын қарастырдық. Қуанышқа орай, барлық жағдай әрқашан күрделі болмауы мүмкін. Көп жағдайда адам депрессиядан шыққысы келеді, бірақ қалай екенін білмейді.
Мұндай жағдайларда оған күйзеліске ұшырау себебін түсіндіру жеткілікті. Бұл — жәй ғана оның түпсанасындағы жарқын бейнелерін жоғалтуы.
Ол өмірдің мәнін жоғалтты, жақын адамынан немесе арманынан, еркіндік, махаббат және т.б. айырылды. Осыны түсінген сайын ол депрессиядан тезірек шығады.
Сіз оған «Бақытты егер 90 минут» кітабын сыйлай аласыз. Бірақ егер ол кітапты оқи алатындай күйде болмаса, ең жақсы әдіс — онымен жәй ғана бір сеанс өткізу.
Клиенттерімізге пейнхантинг методикасын қолданудан қорықпауға және онымен батыл түрде практикада жаттығуға кеңес береміз, өйткені түпсананы басталған, бірақ аяқталмаған «тазалау жұмысы», мүлде басталмағаннан жақсы.
Жағдай нашарлады деген күнде сіз адамды әрқашан осы сілтеме арқылы сеансқа жібере аласыз.
99% кепілдікпен Пейнхантинг авторлық методикасын қолданып, 90 минут ішінде біржола проблемаларыңыздан арылыңыз.
Біздің маманнан 15 минуттық тегін кеңес алыңыз, дәл қазір сұраныс қалдырыңыз
Біз бірегей авторлық методиканы қолдана отырып
психологиялық көмек көрсетеміз: «Пейнхантинг» - Олжас Сейітов - Қоңырау шалыңыз: +7 (707) 102-00-90.