ӨЗ-ӨЗІНЕ БАҒА БЕРУДІ ҚАЛАЙ ЖОҒАРЫЛАТУҒА БОЛАДЫ?

Кейбір жағдайларда, егер бір ғана себебі болса, 1 сеанста-ақ өзін-өзі бағалауын жоғарылатуға болады. Басқа жағдайларда, 2-ден 5-7 сеансқа дейін қажет болуы мүмкін.



Өз-өзіне баға беруді қалай жоғарылатуға болады?

Өз-өзіне төмен баға беру — психологиялық комплекстің жиі кездесетін түрі және негізінен жасөспірімдер әрі 20-30 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер арасында кездеседі.

Мысалы, жасөспірім келеке-мазаққа ұшыраудан немесе ортаға қабылданбаудан қорыққандықтан, әлеуметтік іс-шараларға қатыспайды әрі туыстарымен араласудан қашқақтайды.

Өзін-өзі төмен бағалайтын жасөспірім жиі өзі туралы негативті нәрселер айтады, мысалы, ол «ақымақпын», «көріксізбін» немесе «түкке тұрғысызбын» дегенді айтады. Яғни, өз-өзін шамадан тыс мінеп-сынайды.

Ал ерлер мен әйелдерге келетін болсақ, олар көбінесе сәтсіздікке ұшыраудан немесе біліксіз болып көрінуден қорқады. Сондықтан да жұмыстағы не жеке өміріндегі жаңа мүмкіндіктер мен шақырулардан бас тартып жатады.

Немесе олар шектен тыс перфекционизмнен зардап шегеді, идеалға ұмтылады, кішігірім кемшіліктер үшін өз-өздерін мінеп-сынайды және өз жетістіктеріне үнемі наразы болады.

Өзін-өзі төмен бағалаудың салдары айқын — бұл үнемі іштегі күмән, өз-өзіне сенімсіздік. Ал бұлар кейіннен өзгемен жеке қарым-қатынаста сәтсіздікке әкеледі.

Өз-өзіне төмен баға беретіндіктен адам өзіне жақсы серік таңдамайды, өйткені ол өзін идеалды адамға, онымен қарым-қатынасқа лайықсыз санайды.

Нәтижесінде үйлесімді қарым-қатынас жасай алмай, өзара қолдау да көрмейді, өйткені ол өзгенің өзіне дөрекілікпен қарауына жол береді.

Тіпті ол өзгенің оған жақсы қарамайтынын түсінсе де, бұған көз жұмады, өйткені одан жақсы ешкімді таба алмайм деп қорқады.

Өзін-өзі төмен бағалаудың одан да жаман салдары — жалғыздық. Өз-өзін төмен бағалайтын адамдардың көпшілігі біреумен кездесулерге баруға қорқады, танысудан қорқады, қарым-қатынас жасаудан қорқады.

Өзін-өзі төмен бағалаудан арылу үшін алдымен оның себептерін түсінуіңіз керек.

Өзін-өзі төмен бағалаудың себептері

Ол негізінен балалық шақтан бастау алады. Ата-ананың байсалды баға беруі мен қолдауынан қаланған іргетасы барлар сырттан шабуылға аз ұшырайды және өзін-өзі төмен бағалаудан зардап шегетіндері де сирек.

Негізінен, адамның өз-өзін төмен бағалауына ата-анасының немесе туған ағалары мен әпкелерінің баға беруі әсер етеді. Мұндай жайт баланы көп мінеп-сынағанда, басқалармен салыстырғанда, кемісітіп қадірін түсіргенде немесе мақтау сөздер айтпағанда орын алады.

Нәтижесінде оның бойында идеалды емеспін деген сезім берік орнығады.

Әрқашан о баста пайда болған ойлар мен сезімдер жетекшілік ететінін түсіну маңызды, өйткені біздің дүниетанымымыздың қалыптасуы үй салуға ұқсас — алдымен іргетас (ерте және балалық шақтағы ұстанымдар) қаланады, содан кейін қаңқасы (жасөспірімдік сенім, ұстанымдар) тұрғызылады, ал кейін жиһаз және интерьер (ересек өмірдегі ұстанымдар, пікірлер) т.б. орналастырылады.

Егер адамның ерте кезде пайда болған ұстанымы оның кемелсіздігіне қатысты болса, онда болашақта басқалардан мақтау сөздер естісе де, өзін-өзі төмен бағалауы сол күйі қалады.

Дәл осы себеппен біз практикада өздерін көріксіз санайтын өте көрікті қыздарды кездестіреміз, олар өзін-өзі төмен бағалайтындықтан өздеріне жаман, дөрекі қарайтын ер адамдарды еліктіріп тартады.

Әдемісің деген құрбыларының сенімді сөздері бұл жерде жұмыс істемейді. Бәрі бір ол өзін жеткілікті тартымды санамайды.

Мұның астарында жалпыға мәлім механизм бар — көріксізбін, ажарсызбын деген алғаш пайда болған ұстанымын табу керек. Ендеше, сондай наным, ұстанымның себептерін қарастырайық.

Бірінші себеп — өткір сын сөздер. Бұл сынды бойға сіңдіретін адам, әдетте анасы.

Анасы, баланы жақсартамын деп ойлап, тым қатал әрі әділетсіз түрде негативті баға беруімен қателік жібереді, ал осылай пайда болған ұстаным баланың санасында өте терең із қалдыруы мүмкін әрі жадында өмір бойына сақталуы ықтимал.
Екінші себеп — баланы басқалармен салыстыру. Аналар балаларға жиі: «қара, көрші бала / сыныптасың / әпкең сенен әлдеқайда жақсы» деулерімен, баланың жан дүниесіне қандай жара салатындарын ұқпайды.

Мұндай бала үнемі кемістігім бар деген бойға сіңіп қалған сезіммен өседі. Тіпті егер ол ең әдемі киім киіп, өзіне ең жақсы макияж жасаса да, есейіп, сымбатты дене бітімі болса да, сол балалық шақтағы сезімі өмір бойына қалады.

Үшінші себеп — елемеу немесе жеткілікті түрде тәнті болмау. Кейбір жағдайларда, ата-аналар балаларының күшті қасиеттерін байқамауы мүмкін, дегенмен балалар, ата-ананың мақтау сөздеріне, тәнті болуына, мақұлдауына өте мұқтаж.

Егер ата-аналар балаға қажеттіні уақытылы бермесе, онда ол өмір бақи «жабылмаған гештальт» сезімімен жүреді. Ол үнемі өзі жайлы бір нәрсеге қатысты кемістігім бар деп ойлайды.

Төртінші себеп — риясыз сүйіспеншіліктің болмауы. Балаларына манипуляция жасап: «Егер жақсы қыз болсаң, сені жақсы көретін боламын», - дейтін ата-аналар, әдетте балаларын өз-өздеріне өте сенімсіз етеді.

Оларда бір нәрседе қателессем, мені сүймейтін болады деген сезім болады. Бұл болса өзін-өзі төмен бағалауына әкеледі.

Бесінші себеп — стандарттардың күрт көтерілуі. Өзін-өзі төмен бағалауының аңғарыла бермейтін себептерінің бірі — бала жаңа мектепке барғанда немесе жаңа ортаға түскенде болатын жағдайлар. Онда ол өзгелердің қасиеттері өзінікінен әлдеқайда жоғары екенін байқайды.

Мұндай сәттерде балада "ең жақсы емеспін" деген тұрақты сезім пайда болады.

Жоғарырақ деңгейдегі мектепке дайындықсыз жіберілген балалар немесе ауылдан қалаға көшкен, я болмаса мемлекеттік мектептен жеке мектепке ауысқан балалар әдетте өздерінің әлсіздіктерін түсінгенде есеңгіреп қалады және көбінесе бұл сезім олардың бойында өмір бойына қалады.

Пейнхантинг көмегімен өзін-өзі бағалауды қалай жоғарылатуға болады?

Өзін-өзі төмен бағалаудың себебін түсінгеннен кейін, сол оқиғаны (немесе оқиғаларды) «Бақытты етер 90 минут» кітабында сипатталған ҚЖ әдісі арқылы «қайта жазу» керек.

Бұл әдістің мәні мынада: сіз бірнеше рет және кезектесіп қарама-қарсы жағдайларды бастан кешіресіз, олардың бірінде нақты болған оқиға еске түсірілсе, екіншісінде ойдан шығарылған және адам өзі қалаған оқиғаларды елестетеді.

Мысалы, анаңыз сізді бала кезіңізде көршіңіз Айнұрмен салыстырды делік, сондықтан сұлулық жағынан басқа қыздардан онша емеспін деген ой мен сезімде болдыңыз. Сондықтан сол оқиғаны, анаңыздың сізді Айнұрмен салыстырғанын елестетесіз.

Сол кезде пайда болатын барлық ойларды, сезімдерді және естеліктерді мұқият бақылайсыз. Содан соң анаңыздың сізді ғана жақсы көріп, сүйсіне қарайтынын елестетесіз. Немесе ол сізді қандай болсаңыз, солай қабылдағанын және ешкіммен салыстырмағанын елестетесіз.

Тағы да барлық ойлар мен сезімдерді бақылайсыз. Қайтадан шынайы болған оқиғаға өтесіз, содан кейін қайтадан қалаған бейнеге көшесіз. Осылай өз-өзіңізге сенімсіздік сезімі жойылғанша бірнеше рет қайталайсыз.

Әдетте бұл жаттығуды 30-40 минут орындау жеткілікті. Қиын жағдайларда кейде 1,5-2 сағат қажет болады.

Бірақ егер жаттығуды орындау кезінде жаныңызға батқан ауыр жан жарасын сезінсеңіз, біз сізге Алматы немесе Астанадағы психологтардан пейнхантинг сеанстарын алуды ұсынамыз.



99% кепілдікпен Пейнхантинг авторлық методикасын қолданып, 90 минут ішінде біржола проблемаларыңыздан арылыңыз.

Біздің маманнан 15 минуттық тегін кеңес алыңыз, дәл қазір сұраныс қалдырыңыз

Біз бірегей авторлық методиканы қолдана отырып психологиялық көмек көрсетеміз: «Пейнхантинг» - Олжас Сейітов - Қоңырау шалыңыз: +7 (707) 102-00-90.
Өз-өзіне баға беру
Өз-өзіне баға беру
Кейбір жағдайларда, егер бір ғана себебі болса, 1 сеанста-ақ өзін-өзі бағалауын жоғарылатуға болады. Басқа жағдайларда, 2-ден 5-7 сеансқа дейін қажет болуы мүмкін.

Избавьтесь от проблем

Раз и навсегда за 90 минут, с помощью авторской методики Пейнхантинг с гарантией 99%. Получите бесплатную 15-минутную консультацию от нашего специалиста, оставьте заявку прямо сейчас

Оказываем психологическую помощь по уникальной авторской методике: "Пейнхантинг" - Олжаса Сеитова - Звоните: +7 (707) 102-00-90. Помощь при депрессии.