Маскүнемді оның келісімінсіз емдеу

Маскүнем емделуге келіспеген жағдайда оны қалай емдеуге болады
Өкінішке қарай, маскүнемдердің аз ғана бөлігі өздерінің тәуелділігін мойындап, емделуге ықылас танытады.

Маскүнемдердің көпшілігі болса маскүнемдіктен зардап шекпеймін және ішуді қалаған уақытта тоқтата аламын деп ойлайды.

Бұған қоса, олар таныстарының арасында алкоголизмнің басқа, неғұрлым асқынған жағдайлары туралы айтып, жақындарын өздерінде мұндай проблеманың мүлде жоқ екеніне сендіреді.

Алкоголизмді емдеу

Өкінішке қарай, маскүнемдердің аз ғана бөлігі өздерінің тәуелділігін мойындап, емделуге дайындықтарын білдіреді.

Мұндай жағдайларда не істеу керек?

Әрине, мұндай адамның туыстарының әдеттегі және өте көп кездесетін қателігі – олар оны күштеп емдеуге кіріседі.

Оны кодтауға тырысып, емдік әдістерді қолданып, ультиматум қойып, психологиялық қысым көрсетеді.

Бірақ бұл әдістердің барлығы тек пайдасыз болып қоймай, өте жиі кері әсерін тигізіп жатады. Маскүнем одан бетер жауапсыз болып, ішкілікке одан сайын салынып, ішетін алкоголь мөлшері тек артады.

Сондықтан тәуелділігіне ортақ адам (маскүнемнің өмірін қатты уайымдап, абыржитын адам) науқасқа көмектесуді және оның тәуелділігін толығымен емдеуді қаласа, өз стратегиясын түбегейлі өзгертуі керек.

Маскүнемді оның қалауы болмаған жағдайда емдеудің ЖЕТІ қадамы:

1. Бірінші қадам – тәуелділікке ортақ адам жақын адамының алкогольге тәуелділігін ҚАБЫЛДАУ керек. Бұл парадоксальды, бірақ дәл осы жайт оның алкогольге деген құмарлығын түбегейлі өзгертуі мүмкін.

Бір қарағанда, бұлай ету – тәуелділікті бақылап, басудың орнына, жағдайды жайына жібере салып, оны одан сайын нашарлату болып көрінеді, солай ғой? Бірақ іс жүзінде керісінше болады. Неліктен?

Негізі, алкоголизмнің әдеттегі көрінісі мынадай: адам спиртті ішімдікті кішкене мөлшерде ішеді, ал екінші адам оны асығыстықпен маскүнем деп атап, оның қалауын айыптайды және оны басуға тырысады.

Ал дәл осы нәрсе кейінірек нағыз алкоголизмді шығаратын ілмек ретінде жұмыс істейді! Тыйым салынған жеміс тәтті келеді ғой, қалауын өзге біреу басқан сайын адам соған ұмтыла береді!

Тәуелділікке ортақтасып жатқан адамдардың көбісі спиртті ішімдіктерге қатысты төзімсіздік танытады, ішімдік ішуді жамандық пен деградация деп санайды. Сондықтан өзге біреудің ішімдік ішуін өте ауыр қабылдайды.

Нәтижесінде, қарама-қайшылықтар қақтығысы пайда болады: бір адам босаңсығысы келеді, ал екіншісі оған бұған тыйым салады. Ал әрі қарай бұл маятник тербілісі тек күшейіп, ақыр аяғында бақыланбайтын тәуелділікке жетеді.

Сонда тәуелділікке ортақ адамның маскүнемдікті қарсылықсыз қабылдауы маскүнемнің өзіне қалай әсер етеді? Мұны түсіну оңай: маскүнем өзінің сүйікті адамынан сүйіспеншілікті, қамқорлық пен жылулықты сезінеді, өйткені тәуелділікке ортақ адам оған әлдеқайда мейірімді болып, сабырлықпен қарайды, ал бұл оның ләззат алу үшін ішуге деген құмарлығын айтарлықтай азайтады.

Тәжірибеде бізде әйелдер күйеуінің маскүнемдігін қарсылықсыз қабылдап, оған тыйым салуды, бақылауды және айыптауды тоқтатқан жағдайлар болды. Осыдан кейін күйеулері спиртті ішімдік ішуін қоя бастаған.

Алкоголь маскүнемнің санасы мен іс-әрекетіне әсер етуін тоқтатқан, салынып ішу мен орынсыз мастық мінез-құлық айтарлықтай төмендеген;

2. Алкоголизмді қабылдағаннан кейінгі екінші қадам – ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛУЛАРДЫ АЛЫП ТАСТАУ.  Тәуелділікке ортақ адам, маскүнем үшін алкогольдің туындаған проблеманы жеңілдетудің бір жолы екенін түсінуі керек.

Яғни, ішімдікке тәуілді адамның тереңде жатқан проблемалары – себеп, ал алкоголь – салдары. Салдарымен күресудің қажеті жоқ, себебімен күресу әлдеқайда дұрыс.

Сонда егер себебін жоймай, маскүнемді проблеманы алкоголь арқылы жою мүмкіндігінен айыратын болсаңыз, алкогольге деген бақыланбайтын құмарлықты арттырасыз.
Күйеуі маскүнем әйелдердің көбісі, күйеулерін, әйелдердің тәттіге деген құмарлығымен ұқсастық келтірілгенде түсіне бастайды: егер бұл құмарлықтың психологиялық себебі жойылмаса, диетаны ұстанып, әйелге тәттіні жеуге тыйым салудың еш пайдасы жоқ.

Ішуіне тыйым салынбағанда маскүнем өзі үшін үйреншіксіз, біртүрлі бейтаныс сезімде болады. Оған қысым азайып, бұрынғы стресс жойылғандай көрінеді.

Бұл еркіндік пен босаңсу сезімі оған қуаныш пен оң қуат береді. Ішуге деген компульсивті қалау одан сайын азаяды, өйткені ешкім тыйым салмайды және сәйкесінше алкогольдің «тәттілігі» де кемиді.

3. Үшінші қадам – ​​маскүнемнің СЕНІМІНЕ ИЕ БОЛУ.  Барлық маскүнемдер алғашқы екі қадамнан кейін қалпына келе бермейді. Алкоголизм дәрежесі өте жоғары болса, онда алғашқы екі қадам тіпті «асқынуға», яғни жағдайдың нашарлауына әкелуі мүмкін.

Сондықтан да үшінші қадам өте маңызды. Тәуелділікке ортақтасқан адам маскүнемді жанына жақын тарта бастауы керек. Әрине, ол мас болған кезде емес, ес жиған кезде.

Тәуелділігі бар адам өзін қолдайтынын, айналасындағыларға оның жағдайы бәрібір емес екенін, жалғыз емес екенін сезінуі керек. Сонда бұл оның өз-өзімен оқшаулануын, бәрін жайына қалдырып, ішімдікпен жан жарасын басу әдетін айтарлықтай азайтады.

Адамның маскүнем болуының жиі кездесетін себептерінің бірі – басқалардың оған түсінушілік танытпауы, терең жалғыздық сезімі және өзгемен жылы қарым-қатынастың болмауы. Сондықтан, сіз оның жан дүниесіндегі бұл «шұқырды» жапқанда, маскүнем ішуге деген құмарлығынан айтарлықтай арылады.

Міне, осы себеппен біз жиі тек тәуелді адамның ғана емес, оның тәуелділігіне ортақтасқан адамның да сеанстардан өткені маңызды екенін айтамыз.

Практикада, маскүнем-күйеуінің бірнеше сеанстан өткені оған тәуелділіктен арылуына өте жақсы көмектескен жағдай болған, бірақ әйелінің тарапынан түсіністік пен қолдау болмағандықтан, керісінше, әйелінің оған үнемі қысым көрсетіп, сенімсіздікпен қарағанынан күйеуі қайтадан ішкілікке салынған, тіпті одан әрі емделуден бас тартқан.

Тек тәуелділігіне ортақтасқан әйелі Пейнхантинг сеанстарынан өтіп, күйеуіне жақсырақ қарай бастағаннан кейін ғана ол ішуін мүлдем қойды.

4. Сенімге ие болғаннан кейінгі төртінші қадам – АЛКОГОЛИЗМНІҢ СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАУ.  Тәуелділігі бар адамдар әдетте алкоголизмді соңына дейін мойындамауы мүмкін, бірақ оның пайда болуының шынайы себебін айтып жатады.

Олар жақындарына шағымдануы мүмкін, кешіре алмай жүрген үлкен реніші бар екенін айтуы мүмкін, немесе жоғалту мен айырылысудан қатты қиналып жүргенін, өкінішін не кейбір әрекеттері үшін өздерін кінәлі сезініп, ұялатындарын ашық айтуы мүмкін.

Осы орайда тәуелділігіне ортақтасқан адамның психолог болуы және жан жарақаттарымен жұмыс жасау қабілеті болуы міндетті емес екенін есте ұстаған жөн. Оны мұқият тыңдап, сөзін тыңдағанын және түсінгенін растау ғана жеткілікті.

Бұның тәуелділігі бар адамға үлкен емдік пайдасы болады. Тіпті осыдан кейін маскүнем жеңілдік сезініп, алкогольді ішуге деген құштарлығын жоғалтуы мүмкін!

Өкінішке қарай, ер адамдар табиғаты бойынша барлық проблемаларын жақын адамдарымен талқылауға бейім емес, өйткені оларды жастайынан күшті болу керексің, шағымданба, жылама деп үйретеді, ал бұл олардың барлық проблемаларын ішінде сақтап жүруіне әкеледі.

Алайда, еш айыптамай, сөкпей, кінәламай, қадірін түсірмей, дұрыс ойластырылған сұрақтармен дұрыстап әңгімелесу, жылы қарым-қатынаста болу – кереметтер жасайды.

Біз тәуелді адамның осы қадам жасалғанда-ақ, біздің мамандармен және басқа да психологтармен ешқандай сеанс өтпей-ақ оңалып кеткен көптеген жағдайларды білеміз, өйткені тәуелділікке ортақтасқан адам біз берген нұсқауларды керемет орындады.

Психологтың білімісіз жақындарыңызға көмектесудің жолдары әрі адамдарды психологиялық жарақаттардан біржола арылту туралы толығырақ менің «Бақытты етер 90 минут» атты кітабымнан оқи аласыз.

5. Алкоголизмді тәуелділікке ортақтасқан адам арқылы емдеудің бесінші қадамы – ЖАРҚЫН БЕЙНЕЛЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ. Рухы әбден күйреген кейбір жандар үшін психологиялық себептерді егжей-тегжейлі талқылау жеткіліксіз.
Олар айтарлықтай жеңілдік сезінуі мүмкін, бірақ сонда да бұған қоса бостық пен мәнсіздік сезінеді. Бұл кезеңде алкоголизм дәрежесі айтарлықтай төмендеуі мүмкін, бірақ ол мезгіл-мезгіл алкогольді ішуді де жалғастыруы мүмкін.

Бұл оның мағынаға толы белсенді өмірге толығымен оралуы үшін жоғалған жарқын бейнелерді, тілектерін және армандарын қайтаруы керек дегенді білдіреді.

Өкінішке қарай, тәуелділікке ортақтасқан адамдардың барлығы бұл кезеңді өз бетімен орындай алмайды. Ол үшін үлкен даналық, позитивті көзқарас және түсінік қажет.

Сондықтан, осы кезеңде біз маскүнемді сеансқа келуге көндіруді немесе тәуелділікке ортақ адамды жеке тұлға ретінде дамытудың өте жақсы бағдарламасынан өтуді ұсынамыз.

Тәуелділікке ортақ адамға жүргізілген терең терапиядан кейін әдетте кереметтер орын алады. Маскүнем бұрынғы тәуелділікке ортақтасқан адамның, енді анағұрлым бақытты екенін көріп, онымен өмірдің жаңа парағын бастағысы келуі мүмкін.

Немесе ол да біздің мамандарға сенім артып, емделуге келіседі.

6. Алкоголизмді емдеудің алтыншы қадамы – ӨМІРДІ ӨЗГЕРТУ.  Адамның жарқын бейнелерін қалпына келтіру жеткіліксіз. Иә, көңілінің көтерілуі жеткіліксіз.

Маскүнемнің өмірі мен қоршаған ортасында айтарлықтай өзгерістер орын алмаса, жетістік уақытша болуы мүмкін. Уақыт өте келе улы орта оны қайтадан төменге түсіріп, бұрынғы тәуелділігіне қайтаруы мүмкін.

Практикада, біздің орталықта маскүнем де, тәуелділікке ортақ адам да толық емделу курсынан өтіп, бірақ біраз уақыттан кейін маскүнемнің жаман әдетіне бой алдырғанына шағымданған жағдайлар болған.

Әрине, бұл жағдайда зиян әдетке беріліп қалу дәрежесі әлдеқайда төмен және қысқа уақытқа ғана, ал зардапты салдары әлдеқайда аз, бірақ бой алдырудың себебін талдағанда, маскүнем бастапқыда елемеген жаңа факторлар анықталды.

Бұл қысым көрсететін, үстем ата-анасы, сүймей атқаратын жұмысы, адал емес достары немесе серіктестері және т.б. болуы мүмкін.

Міне, осы кезде маскүнемді емдеуде басқа бір деңгейге өтеміз. Біз оның айналасын, жұмысын, өмірін қалай өзгертуге болатынына қатысты жұмыс жасаймыз, өз-өзіне сенімсіздігінен арылтумен, қорқыныш пен күмәнді жоюмен жұмыс жасаймыз.

Осы орайда әдетте кейбір ерлі-зайыптылар жаңа кәсіп ашады, басқа жаққа көшіп, ата-анасынан бөлек тұрады, кәсібін өзгертеді және т.б. өзгерістер жасайды.

Маскүнемнің ең басты жетістігі – ол тұлға ретінде дамып, өзіне деген сенімі артады, ол үшін спиртті ішімдік ішу еш жақсылық пен пайда әкелмейтін мағынасыз іске айналады.

7. Жетінші қадам – ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ БЕКЕМДЕУ.  Кейбір жағдайларда, тіпті алдыңғы алты қадамның барлығы жасалса да, адам бірнеше ай не жылдан кейін зиянды әдетке қайта бой алдыруы мүмкін.

Сеанс барысында олардың өмірін өзгерткені жеткіліксіз болғаны анықталады, өйткені олар бір проблемадан қашып, басқа, соған ұқсас проблемаға ұрынады. Әрине, осы кезеңде біз адамның әлдеқайда жоғары қажеттіліктерімен жұмыс жасаймыз.

Біз адамның ауыр кедергілерді жеңе білу қабілетімен, қиындықтарда шыдамдылық таныту, өзгемен тату болу, адамдарды сәтті басқару қабілетімен жұмыс жасаймыз.

Кейбіреулер көшбасшылық қабілеттерін, қарым-қатынас дағдыларын, жоқ деп айту және өз ұстанымында берік тұру қабілетін дамытады.

Әрине, біздің тәжірибемізде осы кезеңдердің барлығынан өткені маскүнемдерді қайталама бұзылуларға әкелген жоқ.

Дегенмен, түсіну керек өте маңызды жайт бар. Толық сауығып кеткен маскүнем – бір грамм да спиртті ішімдік ішпейтін адам емес, сол ішімдіктің құлы болмай, ішуге деген құштарлығын тізгіндей алатын, соның иесі бола алатын адам.

Сондықтан да, бұрын маскүнем болған адам ұжыммен не көңілді іс-шараларда кішкене спиртті ішімдік ішіп, келесі күні ішкілікке салынбай, байсалды және адекватты болып қала алады, демек осылай ішкені емделмеген алкоголизмнің белгісі емес.

Сабырлы, парасатты көзқарас таныту, "спиртті ішімдіктен үзілді-кесілді, толық бас тарттым, енді қайтып ішпеймін" деген мәлімдемелердің болмауы – сау адамның белгісі міне осы.
Өйткені, өз-өзін әрең ұстайтын бұрын маскүнем болғандар ішуден үзілді-кесілді бас тарта отырып, былайша айтқанда серіппені «тартады», ал бұл кез келген сәтте күшті бұзылуға және бастапқы күйіне қайта оралуға әкелуі мүмкін.

Кейбір адамдар үшін «саналы түрде алкоголь ішу» деген сөздерді естудің өзі ерсі.

Олар тіпті кеш бойына бір стақан ғана шарап ішкенді маскүнем деп санайды. Қайталап айтамын, дені сау адам – есті ой қалпын бір тамшы да жоғалтпай, ішетін спиртті ішімдік мөлшерін бақылай алатын, қажет кезде өзін тоқтата алатын өз қалауының иесі.

Өкінішке орай, бәрі әрқашан керемет бола бермейді. Кейбір тәуелділікке ортақтасқан адамдар маскүнемді емдей алмағандарына және жоғарыда сипатталған жеті қадамның барлығы ешқандай нәтижеге әкелмегеніне шағымданып жатады.

Бұл маскүнемнің өз жан дүниесінің есігін ашудан, Астанадағы (немесе Алматыдағы) психологқа барып, ем қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартқандығынан болады.

Бұл жағдайда тәуелділікке ортақтасқан адамға тәуелділігі бар адамға деген көзқарасын өзгертуді ұсынамыз.

Күш-жігеріңізді әрі қарай да құлдырай беретін осындай үмітсіз адамға жұмсауыңыз керек пе? Жоғарыда көрсетілген қадамдар 3-4 айда нәтиже бермесе, бұл айырылысу туралы ойлануға негіз болып табылады.

Тәуелділікке ортақтасқан адам үшін бұл кезең өте ауыр әрі азапты болуы мүмкін. Дегенмен, жалғыздық қорқынышын жойып, басқа да жарақаттар мен ұстанымдарды жеңе отырып, тәуелділікке ортақтасқан адам батыл қадамдар жасайды.

Кейде бұл кереметтерге әкеледі. Жоғалтудың болайын деп тұрғанын сезген ішімдікке тәуелді адам қарым-қатынасты сақтау үшін емдеуге келісуі мүмкін.

Бірақ маскүнем емделуге мүлдем келіспейтін жағдайлар да болады, өйткені ол үшін құлдыраған күйде қала бергені "ыңғайлы", ол өзін сол күйде жайлы сезінеді.

Әдетте мұның артында баланы тым көп, асыра қамқорлаған, оған қаржылай көмек көрсетіп, оның барлық проблемаларын шешуге дайын ата-аналар тұрады.

Бұл жағдайда біз тәуелділікке ортақтасқан адамға қарым-қатынасты үзіп, өз өмірін бастауды ұсынамыз, өйткені құлдыраған адаммен ешқандай болашағы болмайды.

«Айырылысуды қалай өткеруге болады» деген мақаладан жанға батқан айырылысуды өткеру туралы көбірек біле аласыз.

99% кепілдікпен Пейнхантинг авторлық методикасын қолданып, 90 минут ішінде біржола проблемаларыңыздан арылыңыз.

Біздің маманнан 15 минуттық тегін кеңес алыңыз, дәл қазір сұраныс қалдырыңыз

Біз бірегей авторлық методиканы қолдана отырып психологиялық көмек көрсетеміз: «Пейнхантинг» - Олжас Сейітов - Қоңырау шалыңыз: +7 (707) 102-00-90.
Маскүнемді оның келісімінсіз емдеу
Маскүнемді оның келісімінсіз емдеу
Маскүнем емделуге келіспеген жағдайда оны қалай емдеуге болады

Избавьтесь от проблем

Раз и навсегда за 90 минут, с помощью авторской методики Пейнхантинг с гарантией 99%. Получите бесплатную 15-минутную консультацию от нашего специалиста, оставьте заявку прямо сейчас

Оказываем психологическую помощь по уникальной авторской методике: "Пейнхантинг" - Олжаса Сеитова - Звоните: +7 (707) 102-00-90. Помощь при депрессии.