Құмар ойындарға тәуелділіктің белгілеріАзарт және бітпейтін бәс тігуге деген тізгінделмес тәуелділік адамды қарыз шұңқырына түсіреді, бұл өз кезегінде отбасын бұзады және ажырасуға әкеледі.
Нәтижесінде тәуелді адам өз проблемаларымен жалғыз қалады. Үмітсіздік, шарасыздық сезінеді, сол тұйық шеңберден шығудың жолын таба алмайды, депрессияға ұшырайды және суицид туралы ойлары болады...
Құмар ойындарға тәуелділіктен құтылу үшін Алматы немесе Астанадағы мамандардың көмегіне жүгініп, күрделі психотерапия курсынан өту керек.
Құмар ойындарға тәуелділіктің белгілеріМұнда ешкім мүлдем ойнауға болмайды және тәуелділік бір ойнағаннан-ақ пайда болады деп айтып тұрған жоқ. Әрине олай емес.
Шын мәнінде, құмар ойындарға тәуелді болу үшін көптеген факторлар біріктірілуі керек: жеке тұлғаның депрессиялық күйінен химиялық немесе психологиялық факторларға дейін.
Нағыз ойынқұмарларға келесі белгілер тән:
· азарт, адреналин алу үшін ойынға бәс тігуге деген тізгінделмейтін құштарлық, ұтудан ләззат алу;
· матч туралы бастан кетпес ойлар, ставкаларды жоспарлау;
· шығынға қанағаттанбау, ақшаны қайтарып алуға ұмтылып қайта ойнау;
· ойын үшін бәрін құрбан етуге дайын болу: отбасын, жұмыс, мүлікті және тек өзінің ғана емес, басқалардың да мүлкін;
· алдау, айлакерлікке бару, жалған нәрсе айту.. бәс тігуге ақша алу үшін олар кез келген оқиғаны ойластыра алады;
· шектен тыс ашуланшақтық және тұрақты мазасыздық.
Бұл тәуелділік – көп сатылы процесс, адам бірнеше кезеңдерден өтеді және әр деңгейде ниеті әртүрлі болады, белгілері де түрлі болады.
Әр ойыншы о баста өзін тоқтата алмаса, мынадай 10 кезеңнен өтеді:
1. Алғашқы тәжірибе және зиянсыз көрінетін ставкалар. Психикалық сау адам қайтадан бәс тігуге деген қалау сезбейді, ал құмар ойындарға бейім және белгілі бір психологиялық проблемалары бар болашақ құмар ойыншы бұл тәуелділікті бірден сезіне бастайды.
2. Қалтапұлға ұтыстар. Уақыт өте келе ойынқұмар құмар ойындарды қосымша табыс көзіне айналдырады.
3. Ірі ұтысқа жету арманы. Кішігірім ұтыстар азарт тудырады және бір күні ірі ұтысқа ие болуға ынталандырады. Міне, осыдан кейін... қиял мұхиты көріне бастайды: қымбат көлік, пәтер, саяхаттау және т.б.
4. Қайтып ойнау үшін бәс тігу. Қарызға батқан ойыншы жоғалған ақшасын қайтаруды армандайды. Оны бастан кетпес ойлар мазалап, қызба, күйгелек және ашуланшақ болады.
5. Өзгенің ақшасы. Өз ақшасын әлдеқашан жоғалтып алғандықтан және қаржылық қиындықтары бар болғандықтан, ол өзге адамдардан қарыз алып, бәс тігуге кіріседі. Осылайша өз жағдайын одан сайын нашарлатып, қақпанға түседі.
6. Қарыздарды өтеу үшін бәс тігу. Ойыншы ескі кредиторларға қарыздарын өтеуге тырысып, жаңа қарыздар алады. Ол өзгелерден қарыз ақша алған үстіне ала береді, бұл тек қарыздың көбеюіне және үлкен тәуелділікке әкеледі.
7. Алдау және ұрлық. Ойыншы айналасындағылардың сенімін жоғалтқандықтан, тайғақ жолмен жүреді: ол таныстарынан ақша ұрлайды, кез келген жолмен ақша алу үшін әртүрлі әңгімелер ойластырып айтады.
8. Жақын адамдардың уайымы. Ақша соңына түсіп қалжыраған, азып-тозған ойыншының қамын ойлайтын жақындары алаңдап, уайым кешеді.
Алайда ойыншы ұсынылған психологиялық көмектен бас тартады, оның орнына ұтылғанды қайтарып аламын және толықтай өзгеремін деп уәде беріп, өзіне қажетті ақшаны сұрайды.
Туыстарының оны оқшаулау, жазалау және бостандығын шектеу әрекеттері ойынқұмардың жағдайын одан әрі нашарлатады.
9. Толық сәтсіздік. Бұл кезеңде ойынқұмар бәрін жоғалтады. Ол енді жақын адамдарының ғана емес, жақын ортасының да қолдауына да, сеніміне де ие бола алмайды. Үмітсіздігінен ол психологиялық көмекке келіседі.
Бірақ, әдетте, бұл ешқандай пайда әкелмейді, өйткені психологтардың оның бойына кінә мен қорқыныш сезімін шектен тыс енгізуі оның мүшкіл күйін одан сайын нашарлатады.
10. Өлімге апаратын жол. Ақыры құтқарылуға еш үміт көрмеген ойынқұмардың салы суға кетеді. Бұл кезеңде ол спиртті ішімдікке, есірткіге тәуелді болып одан да терең тұңғиыққа түседі немесе жай ғана өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін.
Дегенмен, бәрі бастапқыда көрінгендей жаман емес. Шын мәнінде, осы кезеңдердің әрқайсысында ойынқұмар адамды құтқаруға болады. Мұны бастапқы кезеңдерде жасау жеңілірек және жылдамырақ.
Ал әрбір жаңа деңгейге өту кезінде тәуелділіктен құтылу әлдеқайда қиын және ұзағырақ болады.
Пейнхантинг методикасын қолдана отырып, бірнеше сеанс арқылы құмар ойындарға тәуелділіктен арылуға болады. Біздің практикалық тәжірибемізге сүйенсек, бұл әдетте ең көп дегенде жетіден он сеансқа дейін өтуді қажет етеді.
Емдеуді мүмкіндігінше ертерек бастаңыз, өзіңізді және өміріңізді соңғы кезеңдерге жеткізбеңіз. Айналаңыздағы жандарды қинамаңыз. Еш тәуелділіксіз бақытты өмір сүріңіз!
99% кепілдікпен Пейнхантинг авторлық методикасын қолданып, 90 минут ішінде біржола проблемаларыңыздан арылыңыз.
Біздің маманнан 15 минуттық тегін кеңес алыңыз, дәл қазір сұраныс қалдырыңыз
Біз бірегей авторлық методиканы қолдана отырып
психологиялық көмек көрсетеміз: «Пейнхантинг» - Олжас Сейітов - Қоңырау шалыңыз: +7 (707) 102-00-90.