Когнитивті мінез-құлық терапиясы

Когнитивті мінез-құлық терапиясының (CBT) психикалық бұзылыстарды емдеуге қалай көмектесетінін түсіну үшін осы терапияның негізгі кезеңдерін қарастырайық.
Когнитивті мінез-құлық терапиясы (ағылшын.cognitive behavioral therapy, CBT) – адамның психикалық күйін жақсарту үшін оның ойлары мен мінез-құлқын өзгертуге бағытталған психотерапия әдісі.

Өйткені, өзіміз әрі өзгелер туралы, бізді қоршаған әлем туралы ойларымыз біздің сезімдеріміз бен әрекеттерімізге әсер етеді.

Ойларымыз үнемі негативті немесе бұрмаланған болса, бұл стресті, психикалық бұзылуларды, депрессияны және басқа да проблемаларды тудыруы мүмкін.

Когнитивті мінез-құлық терапиясы

Когнитивті мінез-құлық терапиясы (КМТ), (CBT) – адамның психикалық күйін жақсарту үшін оның ойлары мен мінез-құлқын өзгертуге бағытталған психотерапия әдісі.

Мысалы, үнемі ешкімге ұнамаймын деп ойлайтын болсақ, бұл бізді мұңлы етеді не абыржытуы мүмкін, ал бұл өз кезегінде оқшаулануға немесе басқалармен қарым-қатынастан қашқақтауға әкелуі мүмкін.

КМТ (CBT) осы байланысты түсінуге және сезімдері мен әрекеттеріне әсер ету үшін өз ойларын өзгертуге үйренуге көмектеседі.

CBT-да әдетте осы мақсаттарға жету үшін әртүрлі стратегиялар мен әдістерді пайдаланады. Мысалы, кең таралған әдістердің бірі бұрмаланған ойларды анықтау және қайта бағалау болып табылады.

Яғни, терапевт адамға стреске не депрессияға әкелуі мүмкін теріс немесе бұрмаланған ойларды анықтауға көмектеседі, содан кейін оларға бұл ойларға объективті көзқараспен қарауға көмектеседі.

CBT сонымен қатар сезімдер мен эмоциялармен жұмыс жасауды қамтуы мүмкін. Бұған стресті басқаруға көмектесетін релаксация немесе медитация әдістерін үйрету кіреді.

Тағы да ашу немесе мазасыздық сияқты жағымсыз сезімдермен күресуге көмектесетін эмоцияларды басқару дағдыларын дамыту жұмысын да қамтуы мүмкін.

КМТ көмегімен психикалық бұзылысты қалай емдеуге болады

Когнитивті мінез-құлық терапиясының (CBT) психикалық бұзылыстарды емдеуге қалай көмектесетінін түсіну үшін осы терапияның негізгі кезеңдерін қарастырайық.

1. Проблемаға баға беру және оны ұғыну. Бірінші кезеңде науқас терапевтпен сөйлесіп, тап болған проблемасы жайлы бірге талқылайды.

Бұл мазасыздық пен абыржуды немесе проблемаларды тудыратын ойларды, сезімдерді және мінез-құлықты талқылауды қамтуы мүмкін. Терапевт адамға бұл факторлардың өзара байланысын және олардың психикалық күйге қалай әсер ететінін жақсырақ түсінуге көмектеседі.

2. Терапияның мақсаттарын тұжырымдау. Екінші кезеңге емделушінің терапия кезінде қол жеткізгісі келетін нақты мақсаттарын анықтау кіреді.

Бұл мазасыздық деңгейін төмендету, депрессиялық белгілермен күресу немесе стресті басқару стратегияларын дамыту болуы мүмкін. Осы мақсаттарды анықтау клиенттің өз өмірінде нақты нені өзгерткісі немесе жақсартқысы келетініне назар аударуға көмектеседі.

3. Іс-әрекет жоспарын құру. Үшінші кезеңде терапевт пен емделуші екінші кезеңде тұжырымдалған мақсаттарға жету үшін нақты әрекеттер жоспарын жасайды.

Бұл жоспар терапия кезінде қолданылатын әртүрлі стратегиялар мен әдістерді қамтиды, мысалы, бұрмаланған ойларды анықтау және қайта бағалау, релаксация дағдыларын дамыту немесе стрестік жағдайларға жауап берудің жаңа әдістерін қолдану.

4. Терапиялық әдістерді қолдану. Төртінші кезеңде іс-шаралар жоспарын орындауға қатысты белсенді жұмыс басталады. Пациент оның ой қалпы мен мінез-құлқын өзгертуге көмектесетін әртүрлі әдістер мен стратегияларды үйрене алады.

Бұған релаксация әдістерін үйрену, стресті басқаруға қатысты жұмыс жасау, жағымсыз ойларды жағымды немесе ұтымды ойларға айналдыру және тұлғааралық дағдыларды дамыту кіреді.

5. Бағалау және түзету.Терапия кезінде прогреске баға беріп отыру және қажет болған жағдайда әрекет жоспарына түзету енгізу маңызды.

Бұл пациенттің өз мақсаттарына жетуіне және психикалық күйінің жақсаруын сезінуіне кепілдік береді.
Бұл кезеңдер CBT-дың жалпы құрылымын білдіреді. Әрине, Алматыдағы немесе Астанадағы әрбір психотерапия индивидуалды және әр адамның нақты қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне бейімделуі мүмкін.

Бұл процестің кілті пациент пен терапевт арасындағы қызметтестікте, сондай-ақ пациенттің өзгерістерге және өзін-өзі дамытуға дайындығы мен ықыласы маңызды болып табылады.

Когнитивті мінез-құлық терапиясы және пейнхантинг

Жоғарыда айтылғандардың барлығынан КМТ-да адам өзінің орынсыз әрекеттерін үнемі қадағалап, әрбір жағымсыз ойын ұғынып, оң көзқарас дамытуға күш салуы, ал әдеттерін дұрыс және ұтымды етіп өзгертуге тырысуы керек екені анық.

Бұл терапия белгілермен және салдармен үнемі күресуді қамтиды. Егер адам психикалық аурудың жеңіл түріне шалдыққан болса, оның жақсы зейіні әрі талдау үшін аналитикалық қабілеттері болса, бұл терапия оң нәтиже беруі мүмкін.

Алайда егер адам депрессияның ауыр түрінен, обсессивті-компульсивті бұзылулардан (ОКБ) зардап шегетін болса немесе үрей шабуылдарына бейім болса, онда КМT оның күйін одан әрі нашарлатуы мүмкін.

Өйткені ол санада проблемаларды одан да көп асыра ойластыруға, өз-өзімен тұйықталуға және проблема жайлы шектен тыс уайымдауға әкелуі мүмкін. Ал науқасты мұндай күйден шығару өте қиын, тіпті мүмкін емес сирек жағдайлар да болады...

Пациент үнемі жан-дүниесін қазбалап, оған анализ жасаумен болады. Оның өмірі тұйық шеңберге айналады: санадан кетпес ойлар ағынымен күресуге әрі оларға талдау жасауға тырысып, ол негативті ойларға одан сайын бой алдырады.

Сөйтіп олармен күресуге дәрменсіз күйге түскенде, төтеп бере алмай, терапияны тоқтатуы мүмкін. Мұның бәрі көп уақытты, ішкі күш пен физикалық күшті қажет етеді әрі тиімділігі де аз.

КМT-дан айырмашылығы, пейнхантингте тәжірибелі маманның кезінде балалық шақтағы ең ерте оқиғада пайда болған түбірлік ұстанымды мұқият іздеу әрі соны жою жұмыстарына баса назар аударылады.

Осыдан кейін пациентке үнемі өз ойларын жазып күнделік жүргізудің және мінез-құлқы мен ойларын үнемі бақылаудың қажеті болмайды.
Психикалық бұзылыстың жеңіл түрлері болса, адамның толықтай емделуіне екі-үш сеанс қана жеткілікті.

Ал психикалық денсаулықтың күрделі және терең бұзылыстары тәжірибелі пейнхантермен көбірек сеанстарды қажет етеді.
Сеанстар еш жерді ауыртпай, экологиялық таза және адам күйінің нашарлауын тудырмай жүргізіледі, қайта керісінше, әрбір сеанстан кейін адам күш-қуат пен оптимизмді сезінеді, біртіндеп өте жақсы, бақытты және позитивті күйге көтеріледі.

99% кепілдікпен Пейнхантинг авторлық методикасын қолданып, 90 минут ішінде біржола проблемаларыңыздан арылыңыз.

Біздің маманнан 15 минуттық тегін кеңес алыңыз, дәл қазір сұраныс қалдырыңыз

Біз бірегей авторлық методиканы қолдана отырып психологиялық көмек көрсетеміз: «Пейнхантинг» - Олжас Сейітов - Қоңырау шалыңыз: +7 (707) 102-00-90.
Когнитивті мінез-құлық терапиясы
Когнитивті мінез-құлық терапиясы
Когнитивті мінез-құлық терапиясының (CBT) психикалық бұзылыстарды емдеуге қалай көмектесетінін түсіну үшін осы терапияның негізгі кезеңдерін қарастырайық.

Избавьтесь от проблем

Раз и навсегда за 90 минут, с помощью авторской методики Пейнхантинг с гарантией 99%. Получите бесплатную 15-минутную консультацию от нашего специалиста, оставьте заявку прямо сейчас

Оказываем психологическую помощь по уникальной авторской методике: "Пейнхантинг" - Олжаса Сеитова - Звоните: +7 (707) 102-00-90. Помощь при депрессии.