ҚИЫН ЖАСӨСПІРІМ

Ата-ана бала тәрбиесінде неғұрлым көп қателескен болса, жасөспірімнің өтпелі кезеңі соғұрлым қиын өтеді. Қуанышымызға орай, сол қателіктердің барлығын түзетуге болады

Қиын жасөспірім

Көп ата-ананың жиі қоятын сұрақтарының бірі – бүлікшіл, бағынбайтын, мінезін көрсететін қиын жасөспіріммен қалай әрекет етсе болады?

Кешегі тілалғыш бала кенеттен өзгелерге кесірін тигізетін, агрессивті, ренжігіш болып өзгереді, ата-анасымен үнемі сөз таластыратын болады.

Қыздар көбінесе анасын кінәлайтын болады немесе әкесімен ұрысады. Ұлдар болса, бұрынғыдай аналарымен жақсы әңгімелесулерін доғарады, олардың өз құпиялары мен сырлары пайда болып, тұйықтала бастайды.

Сонда не нәрсе дұрыс болмады? Бұл жасөспірімдік шақтағы жиі кездесетін құбылыс па, әлде ата-ана тәрбиесіндегі қателік пе? Бүлікшіл рух танытып жатқан бұл кезең із-түзсіз өтіп кете ме, әлде уақыт өткен сайын күшейе ме?

Астанадағы немесе Алматыдағы психологтардың көмегіне жүгіну керек пе? Ата-аналар бұған қатысты алаңдауы керек пе, әлде жағдайға жеңіл қарағандары дұрыс па?

Осы сұрақтар ата-аналарды жиі мазалайды. Әсіресе аналарды уайымға салады.

Ендеше неліктен бұлай болатынын анықтайық. Шын мәнінде, қиын жасөспірім – кешегі ата-ана тәрбиесіндегі қателіктердің салдары болып табылады.

Баланың өтпелі жасы неғұрлым қиын болса, ата-ана тәрбиесінде соғұрлым көп қателіктер жіберілген деген сөз.

Ата-аналар үшін мұны мойындау өте қиын, бірақ өмірде сауатсыз ата-аналардың балалары қиын жасөспірімдер болатыны анық.

Ал, керісінше, ата-ананың даналығы жетерлік болса және баланы оның жеке шекарасына құрмет таныта отырып, жеке тұлға ретінде тәрбиелесе, мұндай балалардың өтпелі кезеңі жеңіл өтеді.

Әрине, физиологиялық факторларды елемеуге болмайды. Көптеген адамдар барлық кінәні жасөспірім кезіндегі гормоналды өзгерістерге жүктейді.

Расында да, өршеленіп тұрған гормондар өсіп келе жатқан ағзаға қатты әсер етеді, бұл оның қызу мінезді және импульсивті болуына әкеледі.

Бірақ егер жақсы тәрбие берілсе, бұл гормондар баланы дұрыс тәрбие бере алмаған отбасылардағыдай «бұзбайды».

Сонда жасөспірімнің негативті, жағымсыз және агрессивті мінез-құлқын не күшейтеді?

Жасөспірімнің агрессивті мінез-құлқының негізгі себебі — оның ата-анасымен жинақталып қалған келіспеушілігі.

Демек, жасөспірімнің бүлікшіл рухы неғұрлым күштірек болса, ата-анасы соғұрлым көп әділетсіздік жасаған деген сөз.

Ата-ананың әділетсіздігі не нәрседен көрінуі мүмкін? Ең жиі кездесетін бірнеше себептерді қарастырайық:

1) Уәдесінде тұрмауы. Егер ата-ана балаға уәде беріп, бірақ оны орындауды ұмытып кетсе немесе шешімін толығымен өзгертсе, бала бұған қатты ренжиді.

Егер кішкентай кезінде бала оңай ұмытып, кешіре салатын болса, жасөспірімдік шақта оның әділетсіздікке деген реакциясы күшейіп, ол ашуланып, онымен сол жағдайды талқыламайынша реніші басылмайды.

2) Әділетсіз жаза. Егер кішкентай кезінде бала кез келген жазаға жылап, кейін ата-анасы оны жұбата алса, жасөспірім кезінде ол мұндайға төзбейді, бүлік шығарып қарсыласады.

Егер ата-ана тым қатал болса және бала өз келіспеушілігін ашық айтудан қорқатын болса, онда бұл бүлік жинақтала береді.

Сөйтіп ол жөнсіз мінез-құлық танытады, осылайша көңіл түбінде, ата-анасын жазалауға тырысады және жасаған қателіктері үшін оларды өкіндірем деп ойлайды.

3) Жеке кеңістікке араласу. Егер кішкентай кезінде ата-ана баланың ісіне оп-оңай араласа алса, өтпелі кезеңге жақындағанда оның өз кеңістігі мен өз шекарасы болады.

Енді ол ата-анасының өз аумағына кез келген кіруін күшпен басып кіру ретінде қабылдайды және ол бұған өте ауыр тиеді.

4) Ата-ананың екіжүзділігі. Егер ата-аналар баласына белгілі бір құндылықтарды үйретсе, бірақ өздері бұл құндылықтарды ұстанбаса, бала ата-ананың кез келген өсиеті мен кеңестерін негативті қабылдайды.

Егер бала кішкентай кезінде бұл сәйкессіздіктерді онша байқамаса, жасөспірім кезінде ол мұның бәрін байқайды және бұған көз жұма салмайды.
Негізі, жоғарыда аталған себептерден басқа да көптеген себептер болуы мүмкін. Бұл туралы толығырақ «Баланы математикалық дәлдікпен тәрбиелеу» кітабынан оқи аласыз.

Ал егер жағдай бақылаудан шығып кетсе, біз ата-аналармен де, балалармен де бір уақытта жұмыс жасай алуымыз үшін пейнхантинг сеанстарының отбасылық пакетін алуды ұсынамыз.

Егер ата-аналар баласын жіберіп, бірақ өздері психологқа бармаса, бала бүлік шығарып, қарсылық көрсетеді, сондықтан «құрмет» белгісі ретінде ата-ананың да мамандарға барғаны маңызды.

Сонда бала сеанстар кезінде көбірек ынталы болады және жақсы нәтиже көп күттірмейді.

99% кепілдікпен Пейнхантинг авторлық методикасын қолданып, 90 минут ішінде біржола проблемаларыңыздан арылыңыз.

Біздің маманнан 15 минуттық тегін кеңес алыңыз, дәл қазір сұраныс қалдырыңыз

Біз бірегей авторлық методиканы қолдана отырып психологиялық көмек көрсетеміз: «Пейнхантинг» - Олжас Сейітов - Қоңырау шалыңыз: +7 (707) 102-00-90.
Қиын жасөспірім
Қиын жасөспірім
Ата-ана бала тәрбиесінде неғұрлым көп қателескен болса, жасөспірімнің өтпелі кезеңі соғұрлым қиын өтеді.

Избавьтесь от проблем

Раз и навсегда за 90 минут, с помощью авторской методики Пейнхантинг с гарантией 99%. Получите бесплатную 15-минутную консультацию от нашего специалиста, оставьте заявку прямо сейчас

Оказываем психологическую помощь по уникальной авторской методике: "Пейнхантинг" - Олжаса Сеитова - Звоните: +7 (707) 102-00-90. Помощь при депрессии.