Нақты себебі табылса, агрессияны біржола жоюға болады. Әдетте бұған 1-4 сеанс жеткілікті. Өте күрделі жағдайларда 15-20 сеанс қажет болуы мүмкін
Агрессиямен қалай күресуге боладыАгрессия — бұл жиі жағымсыз салдарға әкелетін жағымсыз эмоция.
Агрессияның салдарынан адам ақымақтық жасайды, жақын адамынан айырылуы мүмкін, балаға зиян тигізуі немесе біреуді қатты ренжітуі мүмкін, мұндайдан кейін достық немесе өзгемен жақсы қарым-қатынас жоғалады.
Агрессия орынды, пайдалы және негізді болуы мүмкін жағдайлар да бар. Мысалы, егер біреу сіздің мейірімділігіңіз бен аңғалдығыңызды пайдаланып, шектен шығып кетсе, онда сіздің тарапыңыздан саналы және орынды агрессия көріністері арам ниетті адамның әрекетін тоқтатып, кейде тіпті қарым-қатынасты нығайтуы мүмкін.
Әйел затының, оны зорлаушыдан қорғау үшін агрессия көрсеткен ер адамға махаббаты ашылуы мүмкін.
Балалар жаман адамдардан қорғау үшін агрессияны қолданатын ата-аналарды бағалайды. Тағы да, агрессия, егер орынды түрде қолданылса, кейбір спорттық жетістіктерге жетуге көмектеседі.
Дегенмен, тек тізгінделетін, орынды және адекватты агрессия ғана пайдалы болатынын түсінуіміз керек. Бірақ көп жағдайда агрессия қажетсіз, адекватты емес, орынсыз және жойқын болып келеді.
Бұл мақалада біз оның орынсыз және жойқын түрін қарастырамыз.
Орынсыз және жойқын агрессияның 2 түрі бар — саналы түрде және түпсаналы түрде танытылатындар.
Саналы түрде танытылатын агрессияСаналы түрде көрсетілетін, қасақана агрессия – бұл адамның әйелін саналы түрде, әдейі ұрып-соғуы немесе баласын тым қатал жазалауы, не қызметкерлеріне қатыгездікпен қарауы.
Егер сіз одан не үшін бұлай істегенін сұрасаңыз, ол бұған логикалық және рационалды дәлелдер айта алады.
Саналы түрде көрсетілетін агрессияның артында әдетте жеткілікті дана емес адамдар енгізген көзқарастар, дұрыс емес тұжырымдар не ұстанымдар тұрады.
Мысалы, мыңдаған жылдар бойы Шыңғысхан, Гитлер немесе Наполеон сияқты кісі өлтірушілер ұлы тұлғалар деп есептелді және олармен мектептегі сабақта таныса отырып, ұл балалардың көпшілігі оларға еліктегісі, сол диктаторлар мен басқыншылар сияқты болғысы келеді.
Олардың қаталдығы мен қатыгездігін көп адам көшбасшылық қасиеттер мен күшті ерік-жігердің белгісі ретінде қабылдайды, дегенмен олар жүздеген мың, тіпті миллиондаған адамдардың мерт болуына әкелген бүлдіруші, жойқын тұлғалар болған.
Авторлары агрессияны қолдайтын тәрбие беру, бизнес немесе адамдарды басқару туралы кітаптарды көптеп кездестіреміз. Мұндай кітаптар өшпенді диктаторлардың тарихына негізделген қатал, өзімшіл, ашкөздік, радикалды және агрессивті әрекеттерді насихаттайды.
Әйел затын кемсітетін кейбір діни ағымдар да ер адамдардың бойында агрессия тудырады, өйткені оларда әйел «өз орнын білуі керек» деген сенім қалыптасады.
Саналы түрде танытылатын агрессияның тағы бір жиі кездесетін себебі — жүгенсіздік, яғни, ата-ананың шектеу қоймай, бәріне рұқсат бере беруі.
Әкесі (немесе шешесі, атасы және т.б.) агрессивті болған әрі баласының агрессиясын қолдайтын немесе оның агрессивті мінез-құлқын түзетпейтін отбасында өскен балалар бұны норма санап, агрессивті болып өседі.
Егер олардан агрессивті әрекеттерінің себебін сұрасаңыз, олар сізге жәй ғана былай жауап беруі мүмкін: «аулақ жүрші менен», «миымды жемеші» және т.б.
Яғни, олардың өз іс-әрекеттеріне мүлдем немқұрайлы қарауы және қателіктерімен жұмыс істегісі келмеуі бала кезінде ата-анасының шектеу қоймай, жүгенсіздікке жол беруінің салдары болып табылады.
Саналық агрессия негізінен дана және конструктивті әңгімелесу арқылы жойылады.
Адамнан оның барлық ішкі ой-ниеті туралы сұрау қажет. Оның барлық сенімдерін, тұжырымдары мен ой қалпындағы себеп-салдар байланысын біліп, содан соң сол ойларының, ұстанымдарының ақымақтығын немесе қисынсыздығын түсінуге көмектесіп, оның орнына оған дана және рационалды ойлауды ұсыну керек.
Егер сізде үлкен даналық пен шыдамдылық болса, саналық агрессияны бір-екі сағатта-ақ жоюға болады, ал адамды 180 градусқа өзгертуге болады.
Бірақ, өкінішке қарай, әлемде дана адамдар аз, сондықтан саналық агрессияға ұшыраған адам көптеген жылдар бойы қате ойлаумен өмір сүре береді, сөйтіп күндердің күнінде ол сәтсіздіктің түбіне жетеді немесе барлық жақын адамдары оны тастап кетеді.
Қуанышқа орай, саналық агрессия түпсаналық агрессияға қарағанда сирек кездеседі. Көптеген адамдар тізгінделмейтін агрессия танытады және олар өз әрекеттерінің дұрыс еместігін жақсы біледі. Бұл құбылыстың себебі, әрине, түпсаналы түрде корсетілетін агрессияда.
Түпсаналық агрессияТүпсаналы түрдегі агрессия – психологиялық жаралар салдарынан бұрын пайда болған агрессия.
Әдетте мұндай жағдайларда адам өзінің ашуының қисынсыздығын түсінеді, бірақ кеш ұғады. Ол ашуға бой алдырған кезінде ұстамдылығын жоғалтады және бұған кейін қатты өкінеді.
Аналар өз балаларына жанды жаралайтын сөздер айтып, ақымақ істер жасауы мүмкін, сол үшін кейін балаларынан кешірім сұрап жатады.
Әйелдер ызаланып күйеулеріне тіпті өлім тілеуі мүмкін, кейін жас төгіп, айтқан сөздеріне өздерін қатты кінәлі сезінеді.
Мұның бәрі түпсаналық агрессияның белгісі. Қуанышқа орай, саналы түрдегі агрессияға қарағанда, түпсаналық агрессияны жою жеңілірек, өйткені адам байланысқа түсіп, психологпен бірге жұмыс жасауға дайын болады.
Бұл жағдайда психологтың міндеті — агрессияның түп-тамырын тауып, оны толығымен жою.
Астана және Алматы қалаларындағы психологтардың агрессияны жоюыПсихологтардың көпшілігі жағымсыз эмоциялардың қисынсыздығы мен жойқындығын түсіндіре отырып, сана деңгейінде агрессияны жоюға тырысады.
Кейбір жағдайларда олар эмоцияларды басқарудың әртүрлі әдістерін, соның ішінде медитация мен тыныс алу жаттығуларын ұсынады.
Басқа бір жағдайларда психологтар адамға өз кінәсін ойлау арқылы агрессиясын тізгіндеп тұратындай кінә сезімін ендіреді.
Алайда, түпсаналы түріндегі агрессиядан құтылудың ең жақсы жолы — оның шығу тегін талдау және ең түпкі оқиғадағы жан жарасын жою.
Агрессияны жою үшін алдымен оның пайда болу себептерін түсіну керек.
Түпсаналық агрессияның себептеріТүпсана түріндегі агрессия қандай да бір қауіп бар және бұл қауіпті тоқтату керек деген ойдан туындайды. Адам түпсаналы түрде қандай да бір қауіп-қатерді ойластырып алады да, түпсанасы бұған қауіп ретінде қарайды.
Ал егер сол бұрмаланған ойды тауып, оны «бейтараптандырса», агрессияның басқарылмайтын механизмі толығымен және қайтып оралмастай жойылады.
Адам әдетте түпсана деңгейінде қандай қауіп түрлерін ойластыратынын қарастырайық:
Жақын адамын жоғалтудан қорқу. Егер адам бір кездері ауыр жоғалтуды бастан өткерсе, оның кез келген жоғалту қаупіне реакциясы ауыр болады және бұл әдетте ызамен сұрақтар қоюдан, қызғаныш көріністері мен агрессивті бақылаудан көрініс табады.
Беделді жоғалтудан қорқу. Егер адамның кемшіліктеріне қатысты комплекстері көп болса немесе ол бір кездері қатты қорланған болса, ол әдетте бұндай жағдай қайталануы мүмкін деген ойда болады.
Сондықтан мұндай адамның ол туралы кез келген келемежге немесе әзілге реакциясы өте ауыр болады, сондықтан ренжіткен адамға агрессивті түрде бас салады.
Әлсіздерге аянышпен қарау. Балалық шағында адам, мысалы, әкесінің анасын ұрып-соғып жатқанын көрсе және ол анасын қатты аяса, онда әдетте оның әлсіздерді «тирандардан» қорғауға түпсаналық қалауы қалады.
Сондықтан, егер олар біреудің баласына қолын тигізіп жатқанын немесе күшті біреудің әлсізді мазақ етіп жатқанын көрсе, оның сол «күштіні» тоқтатуға деген тізгінделмес агрессивті қалауы болады.
Бір нәрсені аяқтауға үлгермей қаламын деп қорқу. Егер адам белгілі бір мерзімде бір нәрсені аяқтауды мақсат етіп қойған болса, онда сол мерзімге бітіре алмай қалу ықтималдығының кез келген белгілеріне реакциясы өте агрессивті болады.
Бұл жағдайда мерзімді өткізіп алу сценарийінде түпсана нені асыра ойластырып жатқанын түсініп алу керек. Әдетте мұның астарында сыйақыдан айырылып қалу қорқынышы не сын сөзден қорқу, яки сәтсіздік үшін ұялу және т.б. болуы мүмкін.
Бақылауды жоғалтудан қорқу. Егер адам өз әрекетсіздігінен қиындыққа тап болған болса, бір жағымсыз жағдайға ұшыраса, онда оның сол оқиғаның қайталануына жол бермеу керек деген ойы болады.
Мысалы, егер әйел өзінің мұқиятсыздығынан баласына зиянын тигізген болса, ол баласының кез келген жарақатына немесе ауруына шектен тыс агрессиямен қарайды.
Мысалдардан түсінгеніңіздей, түпсана түріндегі агрессияның барлық жағдайлары адам үшін кенеттен және жанына қатты батқан нәрсе болған.
Сонда, негізінде, түпсаналық агрессия — бұл сәтсіздікке жол бермеу үшін психиканың қорғаныс реакциясы болып табылады.
Пейнхантинг көмегімен түпсаналық агрессиядан қалай арылуға боладыЕгер өзіңіздің түпсаналық агрессияңыздың себебін тапқан болсаңыз және оны тез жоюды қаласаңыз, «Бақытты етер 90 минут» кітабын оқып, жан жарасын өз бетіңізше қалай жою керектігін біле аласыз.
Ал егер оқиғадағы себепті еске түсіру сізге ауыр тиетін болса, пейнхантинг сеансын алуды ұсынамыз.
99% кепілдікпен Пейнхантинг авторлық методикасын қолданып, 90 минут ішінде біржола проблемаларыңыздан арылыңыз.
Біздің маманнан 15 минуттық тегін кеңес алыңыз, дәл қазір сұраныс қалдырыңыз
Біз бірегей авторлық методиканы қолдана отырып
психологиялық көмек көрсетеміз: «Пейнхантинг» - Олжас Сейітов - Қоңырау шалыңыз: +7 (707) 102-00-90.