КҮЙЕУІҢІЗДІҢ АГРЕССИЯСЫНА ҚАЛАЙ ҚАРСЫ ТҰРА АЛАСЫЗ

Күйеуінің агрессиясына төзетін әйел әдетте күйеуінен қатты қорқады. Бірақ мұның астарында өзін кінәлі сезінуі мен басқа да себептер болуы мүмкін екенін білетіндер кемде-кем.
Күйеуіңіздің агрессиясына қалай қарсы тұрсаңыз болады

Әйелін қорлайтын және үнемі ұрып-соғатын агрессивті күйеудің болуы — жұртшылық үшін әдеттен тыс нәрсе емес. Мұндай еркектер көптеп кездескенімен, әйелдер бұл жайлы тіс жармайды, тіпті жасырады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен әйелдердің құқықтарын жақсарту саласындағы заңнамадағы елеулі өзгерістерге қарамастан, Алматы мен Астанадағы психологтарға агрессивті күйеуініен жапа шеккен әйелдерден өтініштер жиі түсіп жатады.

Бірақ бұл өтініштер шын мәнінде өмірде болып жатқан зорлық-зомбылық жағдайларының өте аз бөлігін құрайды, өйткені әйелдердің көпшілігі қорқады немесе психологқа баруға мүмкіндіктері жоқ.

Агрессормен бірге өмір сүріп жатсаңыз және оның қысымынан зардап шексеңіз, не істей алатыныңызды білейік.

Ең алдымен, сіз оның некеде агрессорға айналды ма, әлде о баста-ақ сондай болды ма, соны түсініп алуыңыз керек.

Күйеуі бастапқыда-ақ агрессор болған болса, не істеу керек?

Егер ол о баста-ақ агрессор болған болса, неге мұндай некеге келіскеніңізді анықтауыңыз керек. Мұндай күйеуді қабылдауға қандай қате түсініктер, қорқыныштар немесе комплекстер себеп болды?

Егер бұл мәжбүрлі неке болған болса, осындай батпақта өмір сүруді жалғастырғыңыз келе ме, әлде өміріңізді жақсы жаққа өзгерткіңіз келе ме, соны шешіп алуыңыз керек.

Борыш сезіміне негізделген немесе басқа амал болмағандықтан құрылған неке екі адамды әбден аздырып-тоздырады және мұндай неке бақытсыздыққа ұшырайды.

Егер сіз ата-анаңыздан қашып кеткендіктен тұрмысқа шыққан болсаңыз, онда алдымен сол қорқыныштардан арылып, өзіңіз үшін және өз бақытыңыз үшін өмір сүруіңізге жол беруіңіз керек.

Сонда күйеуіңізбен ажырасу мәселесін еркін талқылай аласыз, ол болса сізді жоғалтып алуы мүмкін екенін түсініп, сізге мұқияттылықпен қарай бастауы мүмкін және уақыт өте келе сізге құрмет танытатын болады.

Егер сіз оны бастапқыда өз-өзіңізді бағалауыңыз төмен болғаны үшін таңдаған болсаңыз, өз-өзіңізге баға беруіңізбен жұмыс істеуіңіз керек. Сонда күйеуіңіз жаңа энергетикаңызды және өзіне деген жақсы қарым-қатынасыңызды сезініп, жаман қарауын қойып, сізді көбірек бағалап, құрметтей бастайды.

Жиі әйел, бастапқыда агрессивті еркекті агрессивті болған әкесіне ұқсағандықтан таңдайды. Түпсана деңгейінде әйел оны өзіне таныс, жақын адамы деп қабылдайды.

Бірақ кейін, некеде ол, шын мәнінде, анасының бақытсыз тағдырын қайталап жатқанын түсінеді, содан кейін ғана өз қателігін ұғады.

Егер күйеуі бастапқыда агрессор болмаған болса, кейін некеде өзгерсе, не істеу керек?

Бұл жағдайда нақты не болғанын анықтау керек. Неден кейін адам түбегейлі өзгерді? Оны не агрессивті етті?

Мұның 3 себебі бар:

1) Күйеу тарапынан себептер. Мүмкін ол өмірде қандай да бір жоғалтуды немесе сәтсіздікті бастан кешірді, содан кейін ол жан тыныштығын жоғалтқан болар.

Немесе некеде оның балалық жарақаттары іске қосылып, ол әкесінің бұрын істегенінің бәрін қайталай бастады. Бұл жағдайда оған психологпен жұмыс жасап, агрессияны жою керек.

2) Әйел тарапынан себептер. Мүмкін, әйелі белгілі бір әрекетті жасаған болар немесе некеде күйеуін үнемі өршітетінн ұрыс-керіс немесе әдеттері пайда болған шығар.

Бұл жағдайда әдетте әйелге психологпен жұмыс істеу және сол ұрыс-керістің себептерін анықтау жеткілікті.

3) Әйел тарапынан түпсана деңгейіндегі себептер. Осы себеп — ең қызығы. Әйелі алғашқы неке түнінде пәк болмағаны үшін күйеуінің алдында өзін кінәлі сезінуі мүмкін.

Немесе ол күйеуінің көзіне шөп салғаны үшін өзін кінәлі сезінуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, ол өзін күйеуінің жаман қарауына лайықпын деп санайды және мұны күйеуінің оны қорлап, ұрып-соғуына жол беру арқылы көрсетеді.
Жоғарыда аталған жағдайлардың әрқайсысында жағдайды түзетуге болады. Дұрыс таңдалған стратегия, ұқыпты терапия және терең талдау кереметтер жасай алады.

99% кепілдікпен Пейнхантинг авторлық методикасын қолданып, 90 минут ішінде біржола проблемаларыңыздан арылыңыз.

Біздің маманнан 15 минуттық тегін кеңес алыңыз, дәл қазір сұраныс қалдырыңыз

Біз бірегей авторлық методиканы қолдана отырып психологиялық көмек көрсетеміз: «Пейнхантинг» - Олжас Сейітов - Қоңырау шалыңыз: +7 (707) 102-00-90.
КҮЙЕУІҢІЗДІҢ АГРЕССИЯСЫНА ҚАЛАЙ ҚАРСЫ ТҰРА АЛАСЫЗ
КҮЙЕУІҢІЗДІҢ АГРЕССИЯСЫНА ҚАЛАЙ ҚАРСЫ ТҰРА АЛАСЫЗ
99% кепілдікпен Пейнхантинг авторлық методикасын қолданып, 90 минут ішінде біржола проблемаларыңыздан арылыңыз.

Избавьтесь от проблем

Раз и навсегда за 90 минут, с помощью авторской методики Пейнхантинг с гарантией 99%. Получите бесплатную 15-минутную консультацию от нашего специалиста, оставьте заявку прямо сейчас

Оказываем психологическую помощь по уникальной авторской методике: "Пейнхантинг" - Олжаса Сеитова - Звоните: +7 (707) 102-00-90. Помощь при депрессии.